Коронавирустың үшінші толқыны басталды – Бақытжан Сағынтаев

Коронавирустың үшінші толқыны басталды – Бақытжан Сағынтаев

Коронавирустың үшінші толқыны басталды – Бақытжан Сағынтаев
ашық дереккөзі
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Аkimat Live бағдарламасында оңтүстік шаһарда коронавирустың үшінші толқыны басталғаны туралы айтты. «Былтырғы жылмен салыстырғанда жағдай күрделі. Кеше коронавирус 450 адамнан анықталса, бүгін 510-ы тіркелді. Бұл жаңа штамның пайда болуынан өсіп отыр. Қалалықтар жағдайды түсіну керек. Барлық санитарлық норманы сақтау қажет. Соңғы кезде адамдар маска тақпайтын болды. Бұл вирус жақын арада кетпейді, оны бәріміз білеміз және түсінеміз. Вирус бізбен қалады. Толықтай вакцина алып, ұжымдық иммунит қалыптастыру керек», – дейді әкім. Оның айтуынша, қалада коронавирустың үшінші толқыны басталды. Алайда, халықтың әлі де сенетін түрі жоқ. «Адам өз басына тимейінше сенбейді. Маған қатысы жоқ деп ойлайды. Сондықтан маска тақпайды. Былтырмен салыстырғанда жағдай екі есе күрделі. Бірақ, өткен жылмен салыстырғанда денсаулық сақтау саласындағы жағдай жақсы. Біз үш жаңа инфекциялық аурухана салдық. Қазір он алты аурухана өкпені жасанды тыныс алу аппаратымен қамтамасыз етілді. Қазір әр палатада әр төсектің жанында тұр. Дәрі-дәрмек жеткілікті. Ең бастысы әр тұрғын, отбасын, туған-туысын сақтау керек», – дейді Бақытжан Сағынтаев.