Алматыдағы мектептер қашықтан оқыту форматына ауыстырылады

Алматыда карантиндік шектеу шаралары 12 сәуірге дейін ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаланың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес жоғары оқу орындары мен мектептер қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Ата-аналар өтініші бойынша 1-5, 9 және 11 сыныптарда бала саны 15-тен аспайтын кезекші топтар құруға рұқсат етіледі.

Барлық көңіл көтеру мекемелерінің қызметіне тыйым салынады. Қоғамдық монша мен қалааралық көліктер қатынасы да тоқтайды. Дәмханалар тапсырыс жеткізумен ғана жұмыс істейді. Рамазан айында ұжымдық ауызашар жасауға және діни рәсімдерді топ болып атқаруға рұқсат жоқ. Азық-түлік базарлары жұмыс күндері таңғы 06:00-ден кешкі 17:00-ге дейін ашық болады.

Қазір Алматыда коронавирустың мутацияға ұшыраған штамдары анықталған. Оның жұқтыру көрсеткіші 70%-ке дейін жоғары, әрі тез тарайды. Бүгінгі таңда қалада қауіпті вирус жұқтырудың жоғары деңгейі сақталып отыр.

Back to top button