Жаңалықтар

Қызылордада жоғалған үш қыздың екеуі табылды

ашық дереккөзі

Қызылордада жоғалған үш қыздың екеуі табылды

Қызылорда қаласындағы «Атамекен» балалар ауылынан кетiп қалған кәмелетке толмаған қыздарға қатысты іздестіру іс-шаралары барысында 27 наурыз күні кешкі уақытта олардың екеуінің Алматы қаласында жүргені анықталды. Жоғалған қыздар біздің тұрғындардың қырағылығы, полицейлердің кәсіби шеберлігі және барлық әлеуметтік желілер мен БАҚ-қа бағдарларды жаппай тарату арқасында табылды. Қазіргі уақытта қыздар Алматы қаласындағы балалар үйіне жеткізілді.Үшінші кәмелетке толмаған қыздың қайда екенін анықтау бойынша іздестіру шаралары жалғасуда, - деп хабарлады Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.