Суэц каналындағы жағдайдан кейін электроника нарығында дағдарыс күшеюі мүмкін

Суэц каналындағы жағдайдан кейін электроника нарығында дағдарыс күшеюі мүмкін

Суэц каналындағы жағдайдан кейін электроника нарығында дағдарыс күшеюі мүмкін
ашық дереккөзі
2020 жылдың аяғында басталған логистикалық саладағы дағдарыс Суэц каналындағы апатқа байланысты күшейе түсуі мүмкін. Қазіргі кезде Суэц каналының бітелуіне байланысты шығындар күніне жеті-сегіз пайызды құрайды, дағдарыс тағы бір айға немесе бір жарым айға созылуы мүмкін, - дейді Mobile Research Group жетекші сарапшысы Эльдар Муртазин ТАСС агенттігіне берген сұхбатында. Электроника нарығындағы дағдарыс 2020 жылдың аяғынан бастап пандемия кезіндегі өндірістік-логистикалық байланыстардың бұзылуына байланысты басталған еді. Нәтижесінде,  электроникалық тауарлардың бағасы күрт өскен еді.