«Қазақконцерт» ұйымы «Жер сағаты» бүкіләлемдік акциясына қатысты (видео)

«Қазақконцерт» ұйымы «Жер сағаты» бүкіләлемдік акциясына қатысты (видео)

«Қазақконцерт» ұйымы «Жер сағаты» бүкіләлемдік акциясына қатысты (видео)
ашық дереккөзі
 Бүгін «Қазақконцерт» ұйымы дүниежүзіндегі ең ауқымды бастама – «Жер сағаты» бүкіләлемдік акциясына қатысты. Сағат 20:30-да «Қазақконцерт» ұйымына қарасты еліміздің ең үлкен «QAZAQSTAN» орталық концерт залы ішкі және сыртқы жарық құралдарын сөндірді. Әлемнің үздік архитектуралық жобасы болып саналатын «QAZAQSTAN» концерт залы экологиялық мәселелерге бей-жай қарамайтындығын көрсетті. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ұйымдастыруымен жүзеге асқан акцияға елордадағы өзге де 150 нысан қатысып, электр қуатынан ажыратылды. Жалпы, дүниежүзіне танымал акцияға жыл сайын 180 елден миллиондаған адам қатысып, 1 сағатқа жарық құралдарын өшіреді. Олардың қатарында Бәйтерек монументі, Эйфель мұнарасы, Биг Бен, Колизей сияқты әлемнің танымал сәулет ескерткіштері де бар. Бір сағаттық акция ғаламшарды бірден қалпына келтірмесе де, ауаны ластайтын электр қуатын бір сағатқа тежеп, қашықтыққа қарамастан адамзаттың бірлесуіне өз үлесін қосады. https://www.youtube.com/watch?v=19BEwb3FGyg&ab_channel=QAZAQCONCERTLIVE