Семейде көп қабатты үй өртеніп, 60 адам эвакуацияланды
Семейде көп қабатты үй өртеніп, 60 адам эвакуацияланды
Семейде өрт шыққан бес қабатты үйден 2 адам құтқарылып, 60 адам эвауацияланды.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 наурыз күні сағат 19:18-де Первый микрорайон көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдегі пәтерден өрт шыққан.
«Өрт сөндірушілер келіп жеткен кезде бесінші қабаттағы пәтерде жиһаз бен заттар өртеніп жатқан. Бірінші кезекте құтқарушылар 1946 жылы туған үй иесін сыртқа шығарды. Қарт кісі иіс тию белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ өрт сөндірушілер оның 1938 жылы туған жұбайын түтін тұмшалаған бөлмеден алып шықты. Бұдан бөлек көп қабатты үйден 60 адам эвакуацияланды. Оның 20-сы бала», - делінген ведомство хабарламасында.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 17 адам мен 4 техника жұмылдырылған. Тілсіз жау сағат 19:43-те толықтай ауыздықталды. Өрттің шығу себебі темекі шегу кезіндегі абайсыздық болуы мүмкін.