Бекшиннің Алматыдағы карантинге қатысты жаңа қаулысы шықты

Бекшиннің Алматыдағы карантинге қатысты жаңа қаулысы шықты

Бекшиннің Алматыдағы карантинге қатысты жаңа қаулысы шықты
ашық дереккөзі

Алматының мемлекеттік санитарлық бас дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы карантинге қатысты жаңа қаулы қабылдады.

Құжатта ЖОО мен колледж студенттері, жалпы білім беретін мектеп оқушыларын қашықтан оқыту форматына ауыстырылатыны айтылған. Сондай-ақ ата-анасының өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептердің 1-5, 9 және 11-сыныптарда бала саны 15-ке дейін болатын кезекші топтарды құруға рұқсат берілгені белгілі болды. Бұдан бөлек Алматы каласының Дін істері жөніндегі басқармасына мешіттердің, шіркеулердің және басқа да діни орындардың жұмысындағы шектеулердің сақталуына күнделікті мониторинг жүргізу тапсырылды. Сонымен қатар қаулыда төмендегідей шектеулеренгізілді: 1) жеке Құдайға құлшылық етуге және дұға етуге рұқсат беру (намаз оқитын үй-жайларда және ұлттық салт-жораларды жасауға арналған бөлмелерде (неке, шомылдыру рәсімі және т. б.) приходшылар арасында кемінде 1,5 метр және дін өкілдері мен приходшылар арасында кемінде 2,5 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін белгілер орналастырылады; 2) ұжымдық Құдайға құлшылық етуге (жұма және бес мәрте намаз, жиналыс, жексенбілік қызмет және т. б.) тыйым салу; 3) қасиетті Рамазан айы кезінде бір отбасы мүшелерінің арасында ауызашарды қоспағанда, ұжымдық ауызашар өткізуге тыйым салынады; 4) жерлеу рәсімдерін 10 адамнан аспайтын жақын туыстарының қатысуымен өткізу; 5) дінбасылардың басшыларына Діни қызметшілер мен басқа да персоналды бетперде мен қолғап қорымен қамтамасыз етілсін, сондай-ақ жамағатпен жеке қауіпсіздік қағидаларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндетті; 6) тұрғын үй саясаты басқармасы жүргізілетін профилактикалық дезинфекцияға қосымша қала саябақтары мен көшелерінде (орындықтар, банкоматтар, паркоматтар, төлем терминалдары және т. б.) шағын сәулет нысандары мен құрылғыларын дезинфекциялауды қамтамасыз етілсін. Алматыда 20 наурыздан басталған карантин 12 сәуірге дейін созылды. Қаулы 29 наурыздан бастап күшіне енеді. Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен толығырақ танысу үшін сілтеме арқылы өтіңіз.