Жаңалықтар

Аман ҚҰЛБАЕВ: Қазақ театры – дара тұлғалалардың қарашаңырағы

ашық дереккөзі

Аман ҚҰЛБАЕВ: Қазақ театры – дара тұлғалалардың қарашаңырағы

27 наурыз – Халықаралық театр күні. 1961 жылы Халықаралық Театр институты Вена қаласында өткен IX конгресінде 27 наурызды «Халықаралық театр күні» деп бекіткен еді. Жыл сайын көктем мезгілінің алғашқы айында бұл мерекені Халықаралық Театр институты мен дүниежүзіндегі театр қауымдастықтары атап өтеді. Осыған орай, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, өнертану кандидаты, профессор Аман Бекенұлы Құлбаев құттықтау лебізін жолдап, театр тарихы мен оның бүгінгі бейнесі хақында біраз сыр шертті.

«Әлемдегі өресі биік өнерлердің ішіндегі киелі щаңырақ – театр өнері мерекесімен құттықтаймын! Ғажап өнердің өрісі адам және адам болмысынан тамыр тартатын психо-физикалық әрекетінде азапты күйге кешіп көрерменнің көз айымына айналатын ұлы актер мамандарының шынайы шарықтауына сахна кеңістігінде шек жок... Күлдіріп, қуантып, жылатып, мұңға батырып ерекше сезім шаттығына бөлейтін де – Актер өнері.

​Осындай ғажап өнердің ұлттық рухымыз бен салт-дәстүрімізге айналған және айналдырып көз алдыңа сиқырлы сәтті бастан кешетін, көркемдік ойын өрнегін силайтын мәдениетіміз бен әдебиетіміздің інжу маржандарынан сусындандыратын ұлт мақтанышы, дара тұлғалар шаңырағы – Қазақ театры.

Ұлттық өнеріміздің әлемдегі өнерлі тарландары мен терезесі тең кәсіби біліктіліктері биік мамандардың қатарын өз топырағымызда өсіп шыңдалу мақсатында Алматыдағы ұлттық консерваториясында ашылған актер- режиссер бөлімінен (1955 жылы) басталып шағын бөлімнен-факультет, факультеттен (1978 жылы) институт, институттан-Қазақ ұлттық өнер академиясының (2000 жылы) шаңырағы көтеріліп уығы шаншылды.

​Кәсіби  театр білімі педагогикасының қазақтопырағында негізін қалағандар: ҚР халық әртісі, профессор А.Тоқпанов, ҚР. Өнер қайраткерлері, профессорлар Р.М. Қаныбаева, Г.Ю. Рутковская, КСРО халық әртістері, профессорлар Ы.Ноғайбаев, Х.Букеева, Ш.Жандарбекова, Ә.Мәмбетов, Е.Диордиев, Қазақстанның халық әртістері, профессорлар Н.Жантурин, К. Кенжетаев, ҚР Өнер қайреткерлері, профессорлар Г.Жансыкбаева, М.Байсеркенов, А.Пашков сынды өнерім-өмірім деген дара тұлға ұстаздар Қазақ театр өнеріне шәкірттер тәрбиелеп, сирек мамандықтардың көсегесін көгертті. Бүгінгі күні егеменді еліміздің асқақ-та ұлы өнерінің рухын ұлықтайтын, халқының рухани жан азығын байытып жандандырып, интелектуалды ой-өрісін кеңейтуге азапты да жан кешті еңбегін еліне арнап жүрген аталмыш академияның ұл-қыздарының қатары көп ұлтты мемлекетіміздің руханы сұранысын толықтыруда. Азапты еңбек дегеніміз актер өнерінің сан қырлылығы – сахна болсын, экрандық өнер болсын, тікелей эфир болсын, сценография мен эстрада, режиссура өнеріндегі ұлт мақтанышына айналған тұлғалар қаншама?!!

Олардың өнеріне көп ұлтты халық тәнті. Атап айтсақ ҚР халық әртісі, ҚР еңбек ерлері А.Әшімов, Р.Рымбаева. ҚР халық артистері С.Оразбаев, Е.Обаев, Б.Имаханов, Н.Мышбаева, Т.Тасыбекова, Е.Оразымбетов, Ә.Сығай, Г.Жақыпова, Т.Мейрамов, Т.Теменов болса ҚР еңбек сінірген қайраткерлері: Б.Омарбеков, Ли Олег, Я.Шамиев, Е.Жуасбек, И.Лепсак, А.Сатаев, А. Маемиров, Б.Атабаев сынды өнер қайраткерлері «Дала сахна профессорлары» Қ.Қуаншыбаев, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов, Ж.Шанин, К.Жандарбеков, К.Байсейітова, Ш.Жиенқұлова, С.Майқанова, Қ.Қуандықов, Б.Құндақбаевтар бастаған театр өнерінің жүгін өрге тартып халықаралық дәрежеге бүгінгі сахнаның сарбаздары мен өнер қайраткерлері жалғастыруда.

Сол еңбектің көшін түзеп жолға салушы театр өнерінің  ұжымы да кәсіби мерекені алыс-жақын шетелдердегі әріптестер мен бірге қарсы алуда. Көп жылғы ұстаздық, ғылыми-шығармашылық еңбектері мен қатар әр түрлі мамандандырулардағы оқулықтар мен монографиялардың авторлары, өнер қайраткерлері, ғалым ұстаздар қатары, едәуір жасақталған. Олар: Н.Жақыпбай, Н.Нүсіпжан, Д.Тұранқұлова, Г.Сапарғалиева, Ә.Рахимов, С.Қаржаубаева, Р. Машурова, Г.Әбильдина, Г.Қарамолдаева, Т.Жаманқұлов, О.Жанбыршиев, Б.Нұрпейіс, М.Жақсылықова, С.Қабдиева, Г.Молдажанова, Г.Б.Гизатова, М.Әбзелбаев, Е.Төкеев, Е.Біләл, М.Ахманов, Г.Аманжанова,Е.Нұрсұлтан сынды орта буын ұстаздар қауымы жемісті еңбек етуде.

Бүгінгі халықаралық театр күнімен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұжымы мен қатар, терезесі тең, өресі биік Қазақтың өнер шаңырақтарының ұжымдарын кәсіби мерекесімен құттықтауымды қарсы алыңыздар! Барлық ұжымдар мен дара тұлғаларды атап өту шағын мақалада өте қиын екенін ескерерсіздер... Тағы да кәсіби мерекедегіжетістіктеріңіздің жемісті де жеңісті еңбектеріңіз толағай шығармашылық табыстарға жеткізсін!» - деген Аман Бекенұлы құттықтауында.