27 наурыз – халықаралық театр күні: Сахна өнері туралы қызықты деректер

27 наурыз, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
27 наурыз – халықаралық театр күні: Сахна өнері туралы қызықты деректер 1961 жылы Халықаралық Театр институты Вена қаласында өткен IX конгресінде 27 наурызды «Халықаралық театр күні» (World Theatre Day) деп бекітті. Жыл сайын көктем мезгілінің алғашқы айында бұл мерекені Халықаралық Театр институты мен дүниежүзіндегі театр қауымдастықтары атап өтеді. Бұл мереке дәстүрлі түрде "Театр – халықтар арасындағы өзара түсіністік пен бейбітшілікті нығайту құралы" деген ұранмен өтеді.