Франция футбол құрамасы Қазақстанға жолға шыққан сәтінен видеоролик жариялады

Франция футбол құрамасы Қазақстанға жолға шыққан сәтінен видеоролик жариялады

Франция футбол құрамасы Қазақстанға жолға шыққан сәтінен видеоролик жариялады
ашық дереккөзі
Франция ұлттық футбол құрамасы Нұр-Сұлтан қаласына жолға шыққаны туралы бейнеролик жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz. https://youtu.be/NZwtdtxJnXM Жуырда команда әлем чемпионаты-2022 іріктеу турнирінің матчына Қазақстанға қарсы кездесу өткізетіні белгілі болған еді. Кездесу ертең, 28 наурызда, "Астана Аренада" сағат 19.00-де өтеді және Qazsport телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Айта кетейік, ойын трибуналарда көрермендерсіз өтеді. Қазіргі әлем чемпионы Франция ПСЖ-дан Килиан Мбаппе, Барселонадан Антуан Гризманн және Манчестер Юнайтедтен Пол Погба сияқты әлемдік футбол жұлдыздарынан құралған негізгі құраммен ұшып кетті. Бүгін Франция құрамасы "Астана Арена" стадионында жаттығу өткізеді. Қазақстан құрамасы үшін бұл Әлем чемпионаты-2022 іріктеу кезеңінің алғашқы матчы болмақ.