Елімізде санитарлық бекеттер қайта қойыла бастады

Ақтөбе облысының Ойыл ауданы қауіпті індеттің таралуы бойынша «қызыл аймаққа» енді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай өңірдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысы шығып, бірқатар нысанның жұмысына шектеу қойылды. Оның ішінде, дүкендер мен базарлар және өзге де ұйымдардың жұмыс жасау тәртібі өзгерді.

Шаштараз, сұлулық салондары тұрғындарды алдын ала жазылу бойынша қабылдайды. Көпшіліктің қатысуымен өтетін іс-шараларды ұйымдастыруға қатаң тыйым салынды.

Ал аудан орталығына кіре берісте санитарлық бекет орнатылып, кентке келетін және шығатын адамдарға сауалнама жүргізіледі. Ауру белгісі байқалғандар зертханалық тексеруден өту үшін екі тәулікке карантиндік стационарға жатқызылады. Оң нәтиже анықталса, инфекциялық емханаға бағытталады. Ал қорытындысы теріс болғандары үйде оқшаулануы тиіс.

Back to top button