Алматыда 19 жастағы бойжеткенді қатігездікпен өлтірген күдікті ұсталды
Алматыда 19 жастағы бойжеткенді қатігездікпен өлтірген күдікті ұсталды
19 жасар алматылық азаматшаның өлімі жайлы жан түршігерлік айғақтар табылды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов мәлімдеді.
Оның айтуынша, қыз күдіктімен 16 наурызда танысқан. 20 наурызда 102 нөміріне Аяжан Еділованың жоғалғаны туралы хабарлама келеді. 21 наурызда арнайы жедел топ құрылып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Белгілі болғандай, бойжеткен 19 наурыздан 20 наурызға қараған түні өлтірілген. Оның денесі бөлшектелген күйінде табылды. Күдікті дененің бір бөлігін Алатау ауданынан тыс жақтағы қоқысқа тастаған. Ол өз әрекетін қылмыстың іздерін жасыруға тырысқандығымен түсіндіреді. Күдікті өз кінәсін толығымен мойындады.
Еске сала кетейік, 19 наурызда Алматыда 19 жастағы Аяжан Еділова жоғалып кетті. 22 наурызда оның денесі табылды. Полиция «Адам өлтіру» бабы бойынша тергеу бастады, бұл іс бойынша Түркістан облысының 1993 жылы туылған тұрғыны ұсталды.
Полицияның хабарлауынша, жоғалып кеткен күні бойжеткен әлеуметтік желі арқылы танысқан жаңа досымен кездесуге кеткен. Марқұм Аяжанның туыстары оның ерекше қатыгездікпен өлтірілгенін айтып отыр. Әзірге бойжеткен күдіктінің жалғыз құрбаны болмауы мүмкін деген күдік бар.