Жаңалықтар

Респонденттердің 73,4%-ы сотты әділ әрі бейтарап деп бағалады

ашық дереккөзі

Респонденттердің 73,4%-ы сотты әділ әрі бейтарап деп бағалады

Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 73%-дан астамы Қазақстанның соттарын әділ әрі бейтарап деп есептейді, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы соттың судьясы Елена Максюта ОКҚ-де өткен баспасөз конференциясында. Е. Максюта сот процестері қатысушылар мен «Сот кабинеті» сервисі қолданушылары арасында ағымдағы жылы жүргізілген онлайн-сауалнама қорытындысын таныстырды. Судья айтып өткендей, сауалнама сот органдары жұмысының негізгі индикаторларын айқындауға арналған 8 сұрақтан құралды. Онлайн-сауалнамаға қатысу үшін процеске қатысушыларға электронды цифрлық қолтаңбаның арқылы «Сот кабинеті» сервисіне тіркелу қажет болатын. «Респонденттердің  87%-ы ақпараттық технологияны енгізу нәтижесінде сот төрелігі неғұрлым қолжетімді бола түсті деп есептейді. Сұрау салынғандардың 77,3%-ы сот сатыларының қысқаруы сот төрелігінің тиімділігін арттырады деп ойлайды. Қатысушылардың 81%-ы соттардың ашықтық деңгейіне қанағаттанушылық білдірген», - деді Е.Максюта.   Онлайн-сауалнаманың нәтижесіне сәйкес жалпы республика бойынша зерттеудің барлық бағыттары бойынша сот жүйесінің қызметіне оң баға берілді, сот қызметтерінің сапасына қанағаттанушылықтың жоғары деңгейі атап өтілді. «Респонденттердің 73,4%-ы сотты әділ әрі бейтарап деп бағалаған. Сұрау салынғандардың 75%-ы судьялардың жоғары кәсіби деңгейін атап өткен. Қатысушылардың 79,3%-ы судьялардың жүріп-тұруының әдебі мен мәдениеті қойылған талаптарға сай келеді деп санайды. Сауалнамаға қатысушылардың 87,4%-ы процесті аудио-бейнетіркеу сот істерін қараудың сапасын арттыратындығын атап өткен. Жалпы алғанда сауалнама оған қатысушылардың 74,4%-ның соттар  жұмысының сапасына қанағаттанатындығын көрсетті», - деді Е.Максюта.