Головкиннің табысы белгілі болды

Головкиннің табысы белгілі болды

Головкиннің табысы белгілі болды
ашық дереккөзі
Boxingnews24.com шолушысы Энджел Флауэрс қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің кәсіпқой рингте қанша табыс тапқанын, сондай-ақ мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жегінде алған гонорарын жариялады. Головкиннің Сауль Альвареспен болған екі жекпе-жегінен түскен ақшасы барлық байлығының 90 пайызынан асады. Кей деректерде Головкиннің байлығы 30-35 миллион долларға бағаланғаны, ал Альвареспен болған екі жекпе-жекте 37 миллион доллар алғаны айтылады. "Альварес Авни Йылдырыммен болған соңғы жекпе-жегі үшін 20 миллион және ұлыбританиялық Каллум Смитпен болған кездесу үшін де шамамен сондай қаржы алған", - деп жазды Флауэрс.
Айта кетейік, Головкин мен "Канело" 2017 және 2018 жылдары Лас-Вегаста жұдырықтасқан болатын. Олардың алғашқы жекпе-жегі тең есеппен аяқталды, ал екінші кездесуде төрешілер шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетті.