Мектеп түлектері қорытынды аттестация тапсыра ма – министрлік жауап берді

Мектеп түлектері қорытынды аттестация тапсыра ма – министрлік жауап берді

Мектеп түлектері қорытынды аттестация тапсыра ма – министрлік жауап берді
ашық дереккөзі
Шектеу шараларына және оқу процесінің қашықтан жүргізілуіне қарамастан оқу жылының соңында қазақстандық мектеп түлектері қорытынды аттестация тапсырады. Білім және ғылым министрлінің хабарлауынша, 9-сынып оқушылары 3 емтихан тапсырады: оқыту тілі бойынша эссе түрінде жазбаша емтихан, математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан, сондай-ақ, өзге тілдерде оқитын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан. Ал 11-сынып оқушылары 4 емтихан тапсырады: оқыту тілі бойынша эссе түрінде жазбаша емтихан, алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан, Қазақстан тарихынан тестілеу, өзге тілдерде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу. Еске сала кетейік, бұдан бұрын ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шыққанын хабарлағанбыз. Құжатта қазақстандық оқушылар төртінші тоқсанда қалай оқитыны айтылған. Сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігі "қызыл" аймақтағы өңірлерде мектептер қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.