Француз багеті ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енуі мүмкін

Франция өз багетін ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне қосуға ниетті. Бұл туралы елдің мәдениет министрі Розелин Башло Parisien газетіне берген сұхбатында айтты. 

«Багет — біздің мұрамыздың ажырамас бөлігі! Ол шеберлердің ерекше тәжірибесіне, әдемі әрі күрделі жұмысқа деген адалдығына негізделген. Багет — мәртебелі өнім бола тұра сондай қарапайым. Бұл тағам бізді біріктіреді, оны сондықтан таңдадым», – деді Башло.

Басылымның хабарлауынша, мәдениет министрлігі 31 наурызға дейін ЮНЕСКО-ға үміткер болу жөнінде өтініш жолдауы қажет. Ұйым өз шешімін 2022 жылдың күзінде жариялайды.

Back to top button