14 жастағы туысын қария кейпінде киіндіріп, қайыр сұрауға мәжбүрлеген әйел 4 жылға сотталуы мүмкін

14 жастағы туысын қария кейпінде киіндіріп, қайыр сұрауға мәжбүрлеген әйел 4 жылға сотталуы мүмкін

14 жастағы туысын қария кейпінде киіндіріп, қайыр сұрауға мәжбүрлеген әйел 4 жылға сотталуы мүмкін
ашық дереккөзі
Ресейдің Тамбов облысы Петровский ауданының 47 жастағы тұрғыны 14 жастағы туысын қарт әйел кейпінде киіндіріп, көшеде қайыр сұрауға мәжбүрлеген. Бұл туралы  РФ Ішкі істер министрлігінің Мичуринск қалалық департаментіне сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады.  Департамент өкілдерінің айтуынша, қайыр сұраған қыз бала өзгелердің аяушылығын тудыру үшін әдейі жүзін жасырған. Ол әлеуметтік баспанаға орналастырылды. Аталған факті бойынша төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін Қылмыстық кодекс бабы (Кәмелетке толмаған адамды қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға тарту) бойынша іс қозғалуы мүмкін.