Күрес кезінде балуан есінен танып қалды
Бүгін сумо күресінің санданмэ зиндаан (бәскесі) кезінде жапон балуаны Хибикирю дохёнға (күрес алаңына) маңдайымен жығылып, ауыр жарақат алды.
Алайда жеңіске жеткен қарсыласы оған ешқандай көмек көрсетпей кетіп қалды.
Бір минут қозғалыссыз жатқан балуанды үш қызметші шалқалатып жатқызды.
Бірақ Хибикирюдің орнынан тұруға шамасы келмеді.
Үш минуттан кейін дәрігер келіп Хибикирюді тексеріп, оның миы қатты зақымдалғанын анықтады.
Ес-түссіз жатқан балуанды алты минуттан кейін күрес сарайындағы медициналық бөлмеге алып барып тексерген соң бірден жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізген.
Сумо күресі ұйымының айтуынша, ол қазір есін жиған және сөйлей алады, бірақ әлі қимылдай алмайды