Қылмыскерді қолдан жасамайық

Қылмыскерді қолдан жасамайық

Қылмыскерді қолдан жасамайық
ашық дереккөзі
ару, Қару-жарақты әрбір қолға тарату – қылмысты азайтпайды. АҚШ-тың кейбір штаттарында қаруды бала-шағаға да ұстауға заңмен рұқсат етілген. Бұл жоғарғы сынып оқушыларының өзін қорғауына арналған. Бірақ мәдениеті мен құндылықтары басқа елдің тәжірибесі бізге өнеге бола ма? Қылмыспен күресу, қылмыскерлер санын азайту үшін мемлекет түрлі шектеулер енгізді. Бірақ зорлық-зомбылыққа барушылардың саны азаяр емес. Қазақстанда 231 мың азаматтың қолында 265 мың қару бар. «Байқасақ, 35 мың адамның қолында қос қараудан бар. Яғни, осы 35 мың адамның мен қоғамның қайсы қатерге тігілген? «Біз халықтың қаруланғанына қарсы емеспіз. Бірақ – бір адамға не үшін бес мылтық керек екенін түсіндіріп беріңіз. Аңшылықтың түр түрі бар, мархабат, тек аңшылықтың қай түрімен айналысатынын анықтап алсын», – деді Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов. Оның айтуынша, терроризм болмаса, мұндай шектеулер енгізілмес еді. «Қоғамды шулату үшін 10 мылтық та жеткілікті. Мемлекет заңсыз қаруланудың алдын алу керек. Біз қару иемденуге шектеу қоямыз. Меніңше, төрт мылтық та жетеді», – дейді Жақыпов мырза. Елімізде ұзын дүйімді қаруға тыйым салынбақшы. «Қарудың жекелеген түрлері айналымын мемлекеттік бақылау» туралы заң жобасына ел аумағында қару мен ірі калибрлі оқ-дәрі сатуға тыйым салу ұсынылған.