9 айлық даярлық толыққанды білім бола ма? Қандастарға арналған білім грантының 50 пайызы ғана игеріліп жатыр

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігі ЖОО-да білім алуға ниетті қандастардың санын арттыруға байланысты жыл сайын ауқымды жұмыс атқарып келеді. Атап айтқанда, олардың мемлекеттік грантпен білім алуына жеңілдіктер қарастырылған. Мәселен, бұрын 2 пайыз болса, кейінгі үш жылдан бері қандастарға арналған мемлекеттік грант 4 пайызға жетті.

Білім және ғылым министрлігінің №554 бұйрығымен 2014 жылы қа-зан айын­да еліміздің 20-дан астам жоғары оқу орын­дарында шетелдік қазақ жастарын оқы­татын Foundation факультеті құрылды. Бұл бө­лімнің мақсаты – Қазақстандағы жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлерді жал­пы білім беруге дайындау және деңгейін арт­тыру. Сонымен қатар Қазақстанда өмір сүру­ге бейімдеу. Шетелдегі қазақ жастарын ел­ге тартудың ең тиімді жолының бірі – бі­лім бағыты.

d11dad8e bbbb 4321 a045 b90f36d9c320

Осы уақытқа дейін мемлекеттік грант негізінде Қытай, Моңғолия, Өзбек­стан, Ресей, Иран, Түркіменстан, Ауғанстан, Қыр­ғыз Республикасы және Еуропаның біраз ел­дерінен қазақ жастары келіп, білім алған. Мә­селен, 2013 жылы мемлекеттік гранттың ар­­қасында әлемнің 9 елінен келген 1 101 қан­дас талапкер емтиханнан өтіп, дайындық бө­ліміне түсті. Өзбекстаннан – 557, Қы­тай­дан – 282, Моңғолиядан – 186, Түр-кіменс­тан­нан – 17, Қырғыз Республикасынан – 10, Ре­сейден – 2 және Австрия, Түркия, Иор­да­ния­дан бір-бір студент келген. 900-дей талап­кер оқуға түсіп, оның көбі Қазақстан азамат­ты­ғын алып, елде тұрақтап қалған. Яғни,
1 101 талапкердің 900-і ЖОО түссе, бұдан кейін­гі жылдарда бұл көрсеткіш едәуір тө­мен­деп кеткені байқалады. Мәселен, 2018-2019 оқу жылы 1 200 грант бөлінсе, 2019-2020 оқу жылына 1 000 орын берілген. Ал 2020-2021 жылғы оқу жылына 1 300 білім гран­ты бөлінді (дайындық бөлімдеріне).

28e51c5e 0feb 4a77 8f38 ccb49cacda1e

ҰБТ-ға қандастар арасынан 2 025 та­лап­кер өтініш тапсырып, 909 қанда­сы­мыз ЖОО-на арналған білім грантын жеңіп алды. Дәл осы көрсеткіш секілді әр жыл­дары даярлық бөлімінде оқитын 1 000 – 1 200-дей талапкердің 50 пайызы ғана ЖОО-ға түседі екен. Бірақ кейбір маман­дар­дың пікіріне қарағанда бұл жаман көрсеткіш емес. Өйткені басқа елдің білім беру стан­дар­тымен 11 жыл білім алған қандастар небәрі 8-9 ай ішінде Қазақстан оқушыларымен бір­дей балл жинау қиын. Өйткені шеттен жаңа келген талапкер кемі білім алудан бө­лек, жаңа ортаға бейімделу үшін 3-4 айға жуық уақыт кетеді дейді.

Әйткенмен, нәтижелі жұмыс аз емес. Мә­селен, өткен жылы «Отандастар қо­ры» және Назарбаев университеті бірлесе оты­рып, қандастарға арналған «Абай гран­тын» алғаш рет қолға алды. Оған жалпы шет­ел­ден 400 талапкер өтініш тапсырған. Оның 53-і ұлты қазақ, яғни шетелдік қан­дас­тар. Нәтижесінде алғаш рет ашылған «Абай гран­тын» 13 қандасымыз иленген. Бір қы­зы­ғы «Абай грантын» иеленгендердің ішінде АҚШ және Канада елдерінен конкурсқа түскен қандастар да бар екен. Со-нымен қа­тар Қытай, Моңғолия және Өзбекстаннан қан­дастар «Абай грантын» иеленді. Өткен жы­лы алғашқы бастамасы болғандықтан, бұл нә-тиже де жаман емес деуге болады.

Сондай-ақ, 2021-2022 оқу жылына рес­пуб­ликалық бюджеттен қаржылан­дыры­латын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орындарының дайындық бөліміне 1 300 орын бөлінді. Биылғы дайындық бөліміне түс­кен талапкер қандастар онлайн ҰБТ бай­қау сынағынан өтіп жатыр. Онлайн ҰБТ бай­қау сынағына қандастар шетелде отырып та тапсыра алады.

bez nazvaniya 2

Қуандық ҚҰЛМАНОВ, Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дайындық бөлімінің жетекшісі:

4 жылда 400-дей қандас Еуразия ұлттық университетіне түсті

– Қазақстан Білім және ғылым министр­лі­­гінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы «Қа­зақ­стан Республикасы жоғары оқу орын­да­ры­ның дайындық бөлімшелерінің қызметін ұйым­дастыру ережесін бекіту туралы» №554 бұй­рығына сәйкес, 2017-2018 оқу жылында Л.Гу­милев атындағы Еуразия ұлттық уни­вер­ситетінің №1300-с «13» 10.2017 жылғы бұй­ры­ғы бойынша дайындық бөлімі ашылған бо­латын.

Алғаш 2017 жылы 47 талапкер білім ал­ды. 2018-2019 оқу жылында дайын­дық бөлімінде 193 талапкер, 2019-2020 оқу жылында 165, ал, 2020-2021 оқу жылында 146 талапкер білім алып жатыр. Талапкерлер не­гізінен Моңғолия, Қытай, Өзбекстаннан келген қазақ жастары.

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дайындық бөлімінің та­­лап­керлерге бекітілген сабақ кестесі бойын­­ша жоғары оқу орындарына түсу үшін «Оқу сауаттылық», «Математикалық сауатты­лық», «Қазақстан тарихы» және таңдау пән­дері­нен сабақ өткізіледі.

Талапкерлер жатақханамен толық қамтамасыз етілген. №6,7 Студенттер үйін­де тегін тұруларына жағдай жасалған. Бұл ретте, университетіміздің ректоры Ерлан Бәт­­ташұлының қандастарға деген қам­қор­лығы зор. Төрт жылдан бері білім беріп келе жатқан дайындық бөлімінде көптеген ау­қым­ды жұмыс атқарылды. Талапкерлер уни­верситет қабырғасында білім алып қана қой­май, түрлі мәдени іс-шараларға да бел­сен­ді түрде қатысады. 2019 жылғы Жас­тар жы­лына арналған «Ел және еңбек», «Байырғы әдеби тіл құндылығы және тәуелсіздік мұра­ты», «Тәуелсіздік – тұғырым», «Денсаулық – зор байлық», «Салауатты өмір – ұлт бола­ша­ғы», «Қоғамдағы жастардың діни сауат­ты­лы­ғын қалыптастыру», «Қариясы бар үйдің қа­зынасы бар» атты түрлі мәдени іс-шараларға қа­тысып, ой-пікірлерін шыңдауда.

Біздің дайындық бөлімін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі біледі. Өйткені өткен жылы сәуірде Пре­зидент атына Моңғолиядағы қандастары­мыз­дың алғысын арқалаған хат келді. Хатта қан­дастарымыз осынау қиын-қыстау заман­да Қазақстанға білім алу үшін келген қара­көз­дерге қамқорлық көрсетіп, барлық жағ­дай жасап отырған мемлекетімізге, осындай жағ­дайдың жасалуына пәрмен беріп, бақы­лауда ұстап отырған Президентке риза­шы­лы­ғын білдірген.

Ал енді проблемаларға келсек, Қытай­да­ғы жастар құжат тапсыру кезінде аздаған ке­­­дергілерге кездеседі. Сонымен қатар, қа­зіргі карантин жағдайы да біршама қиындық ту­дырып отыр. Ал жалпы алғанда біздің дайын­дық бөліміне келген талапкерлердің 90 пайы­зы ЖОО түседі. Көбі өзіміздің ЕҰУ-да оқуын жалғастырып жатыр. Оның ішінде Қа­зақ­стан азаматтығын алып, артындағы іні-қарындастарын елге тартып жатқандары да бар. Бұл ретте біздің дайындық өзгелерге үл­гі болып отыр десек артық болмас.

 

f08fc04c 4791 41f9 9785 bbd037dccaf5

Дидар БОЛАТ, «Отандастар қоры» КеАҚ жоба координаторы:

Қандастар үшін Қазақстанның 11 жылдық мектеп бағдарламасын игеруге 9 ай жеткіліксіз

– Бүгінде атажұртқа келген этникалық қа­зақтарды қолдау аясында қандастарды та­рихи Отанына шоғырландыру бойынша мем­лекет тарапынан көптеген игі істер ат­қарылып келеді. Ол – шетелдегі қандастарды Қазақстанға шақырудың бірегей жолы – ата­мекенде тегін білім алуға мүмкіндік жасау.

Соңғы өткен Құрылтайда Елбасы шет­ел­дегі қазақ балаларының Қазақ­стан­да білім алуына жағдай жасау үшін қан­дас­тарға бөлінетін квотаны 2 есе көбейту (2 пайыз­дан 4 пайызға дейін) туралы тапсырма бер­ген болатын. Бірақ жыл сайын квота ар­қылы берілетін гранттар толық игерілмей ке­леді. Өйткені, қандас талапкерлер үшін Ұлт­тық бірыңғай тестілеу біршама қиын. Мә­­селен, жоғары оқу орындарының дайын­дық бөліміндегі 9 ай мерзім оқу олардың 11 жыл­дық Қазақстанның мектеп бағдар­лама­сын игеруге жеткіліксіз екені байқалады. Сон­дықтан Қазақстанда мектеп қабыр­ға­сында білім алмаған оқушыларға тестілеудің талаптары жеңілдетілуі керек. Бұл мәселе көп­тен айтылып та жүр. Сонымен қатар мұн­дай халықаралық тәжірибеде бар екенін айт­қан жөн.

Бұдан бөлек, қазір білім алуға келген қандастардың санын арттыру үшін көп­теген жұмыстар жүргізуде. Мәселен, шет­елде­гі қазақ мектептерінің оқушыларымен, қоғамдық белсенді жастармен «Қан­дас­тар­дың Қазақстанда білім алу мүмкіндіктері» та­қырыбында онлайн семинарлар өтеді. Қа­зақстанның жоғары оқу орындарын шет­ел­дерде жарнамалау секілді ауқымды жұ­мыс­тардың бірі – Ұлттық тестілеу орталығының қолдауымен қандас талапкерлер арасында Ұлттық біріңғай тестілеуден байқау сынағын өткіздік.

03

Жалпы, 1 482 талапкердің 1 060-ы сы­­­­нақты сәтті тапсырып шықты. 24 талапкер поштасы қате көрсетілген және мүл­де көрсетілмеген. 398 талапкер әр-түрлі тех­никалық ақауларға байланысты қосыла ал­мады. Қосыла алмауына берілген логин мен парольдің қате жазылуы, сервердің тоқ­тап қалуы, телефон арқылы қосылу, нн­тер­неттің сапасыздығы кері әсерін тигізді.

«Отандастар қоры» КеАҚ ұсынысымен өткен жылы шекараның ар жағында қалған қан­дастар үшін алғашқы рет ҰБТ «онлайн» фор­матта өткізілген болатын. Биыл ахуал­дың қалай болатыны әлі белгісіз. Осыған орай қандай жағдай болса да дайын болу үшін байқау сынағын өткіздік. Өйткені, жыл бойы дайындалған талапкер ҰБТ кезінде пси­хологиялық тұрғыда дайын болуы үшін. Он­лайн байқау сынағын ұйымдастыруға қол­дау білдірген шетелдегі қазақ орталық­тарына, қазақ мектептері ұжымына, Қазақ­стандағы ЖОО дайындық бөлімдеріне және Ұлттық тестілеу орталығына «Отандастар қоры» атынан алғыс айтамыз.

pp

Ербол ТІЛЕУБЕРДІ, химик, PhD доктор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЖОО дейінгі білім беру факультеті деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары:

Қытайдағы қандастарды онлайн оқытуда қиындықтар бар

– Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­­верситетінің шетел азаматтарына ар­нал­ған дайындық факультеті 1985 жылдың мау­сым айында КСРО-ның Жоғарғы және орта арнаулы білім беру министрлігінің № 425 бұйрығымен құрылған. Ал 1995 жылы та­лапкерлердің сан жағынан артуына байла­нысты жалпы білім беру кафедрасының оқы­­­тушылар құрамын арттырып, жаңа мін­деттерді қолға алды. 2011 жылдан бері «жо­ғары оқу орнына дейінгі білім беру факуль­теті» деп аталып, оның құрамына 4 құры­лым­дық бөлімше қарайды. Факультет құрыл­ғаннан бастап қазіргі уақытқа дейін әлемнің 100-ден аса елінен келген 7 000-нан астам шетел азаматын оқытып шығарды. Олардың ішінде алыс-жақын шетелдерден келген қазақ диаспорасының өкілдері, жоғары оқу орындары арасындағы академиялық ұтқыр­лық бағдарламасы бойынша білім алатын шет­елдік студенттер, халықаралық ұйымдар, елшіліктер мен компаниялардың тыңдау­шылары бар.

Әл-Фараби атындағы қазақ ұлыттық университеті шетелден келген қан­дас­тарға арналған дайындық бөлімінің жұ­мы­сын 2001 жылдан бастады. Содан бері 4 000-ға жуық қандас талапкер ЖОО түсу үшін дайындықтан өтті. Еліміз шетелден келген қандастарына құшағын ашып, оқимын деген талапкерге грант және жеңілдіктер (квота) тағайындап, дайындық курсын ұйымдасты­рып отыр. Бұл өрдес Тәуелсіздік алғаннан бері мемле­кет­тік деңгейде жүйелі жүргізіліп келе­ді. Оған Елбасы және қазіргі Пре­зи­ден­тіміздің қамқорлығы зор. Со­нымен бірге Білім және ғылым министрлігі мен оның қара­мағындағы бірқатар универ­си­тет пен Дүниежүзі қазақтарының қауым­дастығы және «Отандастар қорының» еселі еңбегін айта кет­кен жөн.

Біздің дайындық бөлімде шетелден кел­ген қандастарды оқытудан өзге 2010 жылдан бастап Ауғанстан Ислам Рес­публикасынан мемлекеттік грант­тар туралы үкіметаралық келісім бойынша кел­ген студенттер оқытылады. Сонымен қа­тар 2012 жылдан бастап қосымша жоғары оқу орын­дарына түсу үшін Қазақстан аза­маттары да ақылы негізде білім алып жатыр.

Биылғы, яғни 2020-2021 оқу жылында кафедрада 160 тыңдаушы мемлекеттік грант бойынша, 11 тыңдаушы ақылы түрде оқуда. Қазіргі әлемді алқымдаған пан­де­мия жағдайында дайындық курсының жұ­мысы жалғасып жатыр. Өткен жылғы пан­демия басталғаннан бері олар да ел қа­тарлы онлайн дәріс алады. Соның ішінде қиындық Қытай­дағы қандастардың оқуына бай­ланысты болып отыр. Ол жақта ZOOM сияқ­ты шетел платформалары мен байланыс жүйелерін пайдалануға рұқсат жоқ. Сон­дық­тан біздің оқытушыларымыз WeChat деген Қы­тайдың желісіне қосылып, жұмыс жүргізе­ді. Жетек­шілер ол балалармен тікелей немесе туыс­тары арқылы байланысқа шығады.

Өткен жылы қысқы демалысқа кетіп, қайтар уақытында пандемия сал­дары­нан шекара жабылғанда біздің 63 тың­даушымыз Қытайдан келе алмай қалды. Елі­міз олардың 2020 жылғы ҰБТ-ны тап­сыруы­на үлкен мүмкіндік жасады. Яғни, сол жақ­та отырып, онлайн тапсырды және со­лар­дың бір бөлігі ЖОО-ға оқуға қабыл­дан­ды. Пандемия жағдайына байланысты атажұртқа жете алмағандар үшін тағы да тұрғылықты елінде отырып құжаттарын өткізіп, он­лайн тест тапсыруға жағдай жасалды. Қа­зір біздің дайындық бөлімінің 36 тыңдаушы шет­елден оқып жатыр. Олардың шәкірта­қы­сы да сақ­талған.

Бұрынғымен қазіргі дайындық бө­лі­мінің жағдайын салыстырсақ, 2000 жыл­дары атажұртқа ат басын бұрған жас­тар­дың қарасы қалың болған, бір жылда оқуға 2-3 мың талапкер тапсыратын. Ол уақытта дайын­дық курсы бар университеттің саны да көп еді. Қазір еліміздің жер-жерінде шеттен кел­ген қазақтардың жоғары оқу орнына түсуі үшін 20-дан астам дайындық бөлімі жұ­мыс істеп тұр. Кейінгі жылдары дайындық бө­лі­міне бөлген квота (грант) игерілмей қа­латын болды. Себебі келіп жатқан жастар аз, яғни дайындық оқуға өтініш сирек түседі. Мы­салы, өткен жылы мемлекет дайындық кур­сына 1 200 грант бөлді, ал оқуға өтініш біл­­діргені соның жартысындай ғана болды.

Back to top button