Алматы облысында көмекке мұқтаж 350 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді

Алматы облысында «Nur Otan» партиясының мүшелері «Бақытты отбасы» және «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары аясында жерлестеріне 1,5 млн теңгеден астам қаржыға қайырымдылық көмек көрсетті. Азық-түлік себеттері, бірінші кезекте қажетті тауарлар сонымен қатар ақшалай көмек өңірдегі аз қамтылған жандар мен көпбалалы отбасыларға берілді.

«Біздің облыстың әрбір ауданында партия мүшелері жүйелі түрде қайырымдылықпен айналысып тұрады. Мұндай көмек уақтылы әрі жүйелі көрсетілуі үшін ауылдық жерлерде тұратын тұрмысы төмен отбасылар қамқорлыққа алынды. Осындай күрделі кезеңде біз бірігіп, мұқтаж жандарға көмек қолын созуымыз керек», – деді Алматы облыстық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» фракциясының мүшесі Римма Салықова.

whatsapp image 2021 03 26 at 13.31.48 2

Еңбекшіқазақ ауданында жыл сайын жалғыз тұратын қарттар мен аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету шаралары өткізіледі. Нұротандық белсенділер 75 азық-түлік жиынтығын жеткізіп, зейнеткерлерге үй шаруасына көмектесті.

«Көпшілік індет уақытында табысынан айырылып жұмыссыз болса да, қарттар мен көп балалы отбасыларды ұмытпай ескеріп жатқаны қуантады. Немқұрайлық танытпаған партиялықтарға алғыс айтамын», –деді алты баланың анасы Меруерт Батырбекова.

Айта кетсек, Панфилов ауданында азық-түлік жиынтығын 100 әлеуметтік осал отбасы, Талғар ауданында – 24, Жамбыл ауданында – 10, Сарқан ауданында – 15, Алакөл ауданында – 30, Балқаш ауданында – 30, Талдықорған, Текелі және Қапшағай қалаларында – 40 отбасы алды.

whatsapp image 2021 03 26 at 13.31.49

Back to top button