600 мың теңге пара алған шымкенттік дәрігер 3 жылға сотталды

600 мың теңге пара алған шымкенттік дәрігер 3 жылға сотталды

600 мың теңге пара алған шымкенттік дәрігер 3 жылға сотталды
ашық дереккөзі
Шымкентте реаниматолог-дәрігер үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына тартылды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Биылғы 16 наурызда Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының үкімімен Денсаулық сақтау басқармасының қалалық инфекциялық ауруханасының реаниматолог-дәрігері үш жылға бас бостандығынан айыру жазасына тартылды. Ол қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейді», - деді ол онлайн режимдегі брифингіде. Белгілі болғандай, дәрігер жалпы сомасы 600 мың теңге ақша алды деген күдікке ілінген. Яғни ол бұл ақшаны Жедел медициналық көмек бас дәрігеріне пара ретінде осы ұйымға фельдшер қызметіне орналастыру үшін беретінін айтып алған.