Тәуелсіздік күнтізбесі

Тәуелсіздік күнтізбесі

Тәуелсіздік күнтізбесі
ашық дереккөзі
  • 2009 жылғы 26 наурызда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Біріккен Ұлттар Ұйымының Кли­маттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының Кио­то хаттамасын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.
  • 2010 жылғы 26 наурызда Астананың сол жағалауында онкологиялық және басқа да сырқаттарды ерте кезеңде анық­тауға мүмкіндік беретін Позитронды-эммисиондық томограф ор­талығы ашылды.
  • 1992 жылғы 27 наурызда «Бөбек» балалар қайырымдылық қоры құрылды.
  • 1992 жылғы 27 наурызда Алматыда ТМД елдері Жоғарғы Кеңестері төрағаларының консультативті кеңесі өтті.
  • 2002 жылғы 27 наурызда ҚР ІІМ Кинология орталығы құрылды.
  • 2003 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасының «Несиелік серіктестері туралы» заңы шықты.
  • 2003 жылғы 28 наурызда құны $160 млн, ұзындығы 448,8 шақырым және бастапқы жылдық қуаты 6 млн тонна «Кең­қияқ-Атырау» мұнай құбырының бірінші кезеңі ресми түрде ашылды.
  • 2012 жылғы 28 наурызда Жаркент қаласында өндірістік қуаттылығы жылына 48 млн дана болған полипропилен қаптарын шығару зауыты жұмыс істей бастады.
  • 1994 жылғы 29 наурызда М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқыған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясын ұсынды.
  • 2001 жылғы 30 наурызда «Болашақ» ҚР Президентінің халықаралық стипендиясы түлектерінің қауымдастығы» құрылды.
  • 2015 жылғы 30 наурызда Алматыда Dostyk Plaza сауда орталығының аумағында Қазақ хандығының құрылуы мен дамуына үлес қосқан тарихи тұлғаларға ескерткіш қойылды.
  • 2006 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жанынан Қоғамдық сарапшылар палатасы құрылды.
  • 2013 жылғы 31 наурызда Өскеменде КIA Quoris көлік шығару зауыты іске қосылды.
  • 1993 жылғы 1 сәуірде «Қазақстан Республикасының мемле­кеттік наградалары туралы» № 2069-XII заңымен «Даңқ» ордені бекітілді. Орден тек қана күштік құрылымдар өкілдеріне ғана беріледі.
  • 1995 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің Жар­лығымен Министрлер кабинеті жанындағы Кеден ко­митеті құрылды.
  • 1997 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әділет министрлігі туралы ереже бекітілді.
  • 2005 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ресейдің Омбы қаласында Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Консулдығы ашылды.