Жаңалықтар

Тәуелсіздік күнтізбесі

ашық дереккөзі

Тәуелсіздік күнтізбесі

2009 жылғы 26 наурызда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Біріккен Ұлттар Ұйымының Кли­маттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының Кио­то хаттамасын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. 2010 жылғы 26 наурызда Астананың сол жағалауында онкологиялық және басқа да сырқаттарды ерте кезеңде анық­тауға мүмкіндік беретін Позитронды-эммисиондық томограф ор­талығы ашылды. 1992 жылғы 27 наурызда «Бөбек» балалар қайырымдылық қоры құрылды. 1992 жылғы 27 наурызда Алматыда ТМД елдері Жоғарғы Кеңестері төрағаларының консультативті кеңесі өтті. 2002 жылғы 27 наурызда ҚР ІІМ Кинология орталығы құрылды. 2003 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасының «Несиелік серіктестері туралы» заңы шықты. 2003 жылғы 28 наурызда құны $160 млн, ұзындығы 448,8 шақырым және бастапқы жылдық қуаты 6 млн тонна «Кең­қияқ-Атырау» мұнай құбырының бірінші кезеңі ресми түрде ашылды. 2012 жылғы 28 наурызда Жаркент қаласында өндірістік қуаттылығы жылына 48 млн дана болған полипропилен қаптарын шығару зауыты жұмыс істей бастады. 1994 жылғы 29 наурызда М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде дәріс оқыған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ құру идеясын ұсынды. 2001 жылғы 30 наурызда «Болашақ» ҚР Президентінің халықаралық стипендиясы түлектерінің қауымдастығы» құрылды. 2015 жылғы 30 наурызда Алматыда Dostyk Plaza сауда орталығының аумағында Қазақ хандығының құрылуы мен дамуына үлес қосқан тарихи тұлғаларға ескерткіш қойылды. 2006 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жанынан Қоғамдық сарапшылар палатасы құрылды. 2013 жылғы 31 наурызда Өскеменде КIA Quoris көлік шығару зауыты іске қосылды. 1993 жылғы 1 сәуірде «Қазақстан Республикасының мемле­кеттік наградалары туралы» № 2069-XII заңымен «Даңқ» ордені бекітілді. Орден тек қана күштік құрылымдар өкілдеріне ғана беріледі. 1995 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің Жар­лығымен Министрлер кабинеті жанындағы Кеден ко­митеті құрылды. 1997 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Әділет министрлігі туралы ереже бекітілді. 2005 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ресейдің Омбы қаласында Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Консулдығы ашылды.