Түркістанда әлемде теңдесі жоқ ұшатын театр ашылады

Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында орналасқан «Керуен сарай» туристік кешенінде әлемде теңдесі жоқ ұшатын театр ашылады, – деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қаладағы құрылыс алаңын аралаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев демалыс орталығының ашылуға дайындық барысымен танысқан. Жоба авторларының айтуынша, қиял-ғажайып орталық самұрық құстың жұмыртқасы халық аңызына негізделген. Бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп, киелі самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады. Дәл осы алтын түсті алып жұмыртқа келбетіндегі ерекше театрда Бәйтерегіміз сияқты сиқырлы ертегілер еліне, қазақ халқының тарихына жаңа технологиялардың көмегімен, 8 D форматта әсерлі саяхат жасауға болады. Еліміздің өткені, бүгінгісі мен келешегінің көрінісі осы театр-музейде көрсетіледі. Шығыс үлгісінде салынған кешен – киелі шаһарға келетін меймандардың сүйікті демалыс орнына айналары сөзсіз.

Түркістан қаласының әкімшілік іскерлік орталығы (АДЦ) аумағында  әкімшілік ғимараттар мен көпқабатты 24 үйдің қасбеттері мен қаланың басты көшелеріне бір үлгіде жарықтандыру жұмысы жүргізілді.

Сондай-ақ Ясауи кесенесінің алдында ерекше жарықшамдар орнатылды. Минскіден арнайы алдырылған ағаш кейпіндегі бақша жарықшамдары түнде айналаны сан алуан түске бөлесе, күндіз салқын су шашып, аптап ыстықтан қорғайтын болады.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев осы қарқынды жұмыстардың барысын бақылап, жауапты тұлғаларға нақты тапсырма жүктеді. «Дендросаябақ» пен «Аттракциондар паркі» арасында жаңа көпір салу жоспарлануда. Сонымен қатар «Жібек жолы» саябағы, Б.Саттарханов бойындағы «Желілік саябағы» әсемделіп, қонақ үйлер жарықтандырылады. Облыс басшысы Б.Саттарханов даңғылындағы тұрғын үйлердің, кәсіпкерлік нысандардың сыртқы келбеттерін және «Рәміздер алаңы» мен «Түркі бағын» ретке келтіру жұмыстарымен танысты. Бұл жұмыстар кәсіпкерлер мен тұрғындардың күштерімен жүргізіліп жатыр.

2b425de5 c170 4493 8a31 a6f27dc951c6 5f8a8193 a8b2 4286 b15d 1cd7137aa4e5 a62b9553 3b8e 4ab8 8047 c58aa75181f7

Back to top button