Жаңалықтар

Аян Тұрсын әйелдер арасында грэпплингтен екі мәрте Қазақстан чемпионы атанды

ашық дереккөзі

Аян Тұрсын әйелдер арасында грэпплингтен екі мәрте Қазақстан чемпионы атанды

Қоян-қолтық ұрыстан Армия орталық спорт клубының нұсқаушы-спортшысы ефрейтор Аян Тұрсын әйелдер арасында 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде грэпплингтен Алматыда өткен Қазақстан чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Ақтық сында ол алматылық қарсыласы Мәриям Сатаеваны тізе бүктірді. Осылайша, ел біріншілігінде армияның нұсқаушы-спортшысы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бойжеткен 2020 жылы республика чемпионы атанды.