Әлемдік аренадағы айтулы қадамдар

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет атанған 30 жыл ішінде халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналып, қысқа мерзімде өзіндік даму моделін таңдаған, әлемдегі бейбітшілік пен бір­ліктің қолдаушысы екенін таныта білді. Халықаралық саясатта тың идеяларды ұсынып, беделді халықаралық ұйымдарға төрағалық етіп, жаһан­дық және аймақтық мәселелерді шешудегі тың бастамаларымен көрінді.

Жас тәуелсіз мемлекетіміздің еуразиялық кеңістіктің қақ ортасында – Ресей, Қы­тай секілді әлемдік державалармен көршілес орналасуы, сол сияқты халық­аралық қатынастарда Еуропа мен Азияның ортасына көпір болуы Қазақстанның әлемдік саясатта өз орны бар ел екенін танытты.  Демек, жаңа ғасырда әлемдік сая­сатты Қазақстанның беделінің биік болуы заңдылық деп білеміз.

Әрине, геосаяси тұрғыдан ор­на­ла­суы­на қарай мемлекетке артықшы­лық беретін жағдайлар болады, бірақ елдің сыртқы саясатта, сондай-ақ халықаралық қа­тынастарда ұстанған жолы мен жасаған әре­кеттері оның мықты мемлекетке ай­налуы­ның көрінісі. Бұл тұрғыдан алғанда Қа­зақстанның халықаралық саясатта жа­саған маңызды қадамдары оны әлемдік сая­­­­сатта салмағы бар елге айналдырды.

Жасыратыны жоқ, әлемдік қауым­дас­тық халықаралық заңдар не­гі­зінде әрекет етіп, мемлекетаралық ки­кіл­жің­дерде, аймақтар арасындағы теке­тірес­те әділдік принципін ұстанғанымен мем­ле­кеттердің көбі, оның ішінде ірі дер­жа­ва­лар күшке иек артатыны белгілі. Мұның АҚШ, Ресей, Қытай секілді ірі державалар мен атом қаруына ие елдердің мысалына қа­рап түсінуге де болады. Бұл орайда, елі­міз­дегі Семей ядролық полигоны сияқты әлем­ге сес көрсетер әскери нысанды жап­тыруы біздің еліміздің бейбітшілікті сүйе­тін гуманизм мұраттарына адал ел екенін та­нытты. Аса қуатты ядролық қарудан бас тарту тәуелсіз Қазақстан тарихында ірі та­рихи оқиға деуге болады. Қазақстанның Семей өңірінде орналасқан ядролық сынақ полигоны КСРО кезінде аса маңызды стра­тегиялық нысан ретінде саналған. Оны құру үшін 18 млн гектар жер бөлініп, сол жер­ге құрылған полигонда атом бомбалары сы­нақтан өтті. Тіпті, адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалған. Кейін жары­лыс­тарды жерастына жасаған. Семей маңын­да­ғы радиациялық әсер аймағында тұра­тын жарты миллиондай адам осы сынақ­тан азап шекті. 1989 жылғы ақпанда Се­мей­дегі атом полигонын жабуды мақсат тұт­қан «Невада–Семей» қозғалысы құры­лып, оны ақын Олжас Сүлейменов бас­қар­ды.

Қазақстан Республикасының еге­мен­дігі туралы Декларацияда ел аумағы ядросыз аймақ деп жарияланған. Қазақстан Президенті Н.Назарбаев 1991 жылғы 28 та­мызында Семей полигонын жабу туралы Жар­лыққа қол қойды. 1991 жылғы 29 та­мыз­да Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылғы мамырда оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды. 2009 жылғы 30 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясына Қазақстан 29 та­мыз­ды Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялауды ұсынды. Қа­зақ­станның бастамасымен, БҰҰ Бас Ассам­блея­­сының қолдауымен бұл күн БҰҰ-ның күн­тізбесіне енгізілді. Ерікті түрде ядролық қарудан бас тартып және жаһандық қауіп­сіздікті қамтамасыз ету саласындағы Елба­сының халықаралық бастамаларының ар­қасында Қазақстан әлемнің жетекші ядролық державаларынан халықаралық қауіпсіздік кепілдіктерін алды. Әлемдегі қуаты жағынан төртінші орында тұрған ядролық арсеналдан өз еркімен бас тарт­қан Қазақстан ядролық терроризм акті­лері­мен күрес жөніндегі жаһандық баста­ма­ның белсенді қатысушысы ретінде та­ны­мал. Сондай-ақ, Қазақстанның ядролық ма­териалдарды физикалық қорғау жөнін­дегі халықаралық конференция ұйым­дас­тыруы да халықаралық маңызы бар іс. 2010 жылғы сәуірде Вашингтонда өткен Ядро­лық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық сам­мит барысында АҚШ президенті Б.Обама Елба­сымыз Н.Назарбаевты «халықаралық яд­ролық қаруды таратпау үдерісінің көш­басшысы» деп атады.

Қазақстанның әлемдік ұйымдарға же­текшілік етуі халықаралық сая­сатта еліміздің беделін өсіргені анық. 2010 жы­лы Еуропадағы қауіпсіздік және ын­ты­мақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) – Еуропада, Орталық Азияда және Солтүстік Америкада орналасқан 56 елдің басын біріктіретін ірі аймақтық ұйымға төрағалық етті.

2009 жылы 1-2-желтоқсан күндері Афи­­нада өткен ЕҚЫҰ Сыртқы істер ми­нистр­лерінің 17-отырысында осы ұйым­ға төра­ғалық етіп келген Греция Қа­зақстанға ЕҚЫҰ төрағалығын ресми түрде тап­сырды.

Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ-ға және бүкіл әлемге ағылшын тілінде алғанда төрт «Т» ұранымен айшықталған құндылықтарды ұсынды, олар мемлекеттік және ағылшын тілінде: Сенім (Trust), Дәс­түр (Tradіtіon), Ашықтық (Transparency), Төзімділік (Tolerance) деп аталды.

Ұйымға жетекшілік еткен уақытта Қа­зақ­стан Ауғанстандағы жағдайға, сол кезде ше­шілуі ұзаққа созылған Таулы Қара­бақ мә­селесіне және әлемдік дәрежеде эко­ло­гия­лық апат тудырып отырған Арал теңізі қасіретіне дүниежүзінің назарын аударды.

ЕҚЫҰ-ға төрағалығын абыроймен ат­қарған Қазақстан 2010 жылдың 1-2 желтоқсанында елордасы Астана қала­сын­да ЕҚЫҰ-ның саммитін өткізді. Қа­зақ­стан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өт­кен Еуропадағы қауіпсіздік және ынты­мақтастық ұйы-мының бұл Жетінші сам­митіне ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдер мен әріп­тес мемлекеттердің 68 ресми делега­ция­сы мен 20-дан астам халықаралық жә­не өңірлік ұйым делегациялары қа­тыс­ты. Астана саммитінің маңызына келсек, ЕҚЫҰ-ның саммиті бірнеше жыл үзілістен кейін алғаш рет қайта өткізілді. ЕҚЫҰ тұ­рақ­ты кеңесі Астана естелік декларациясын мақұлдады.

Қазақстанның одан соңғы тағы бір ха­лықаралық саясатта жеткен же­тіс­тігінің бірі Ислам конференциясы ұйы­мына жетекшілік етуі болды.

1995 жылы Ислам ынтымақтастығы ұйы­мының толық құқылы мүшесіне ай­нал­­ған Қазақстан, Астанада 2011 жылғы 28-30 маусымда Ислам ынтымақтастығы ұйы­мы Сыртқы істер министрлері кеңе­сінің (СІМК) 38-сессиясы өткеннен кейін ха­лықаралық ұйымға төрағалық етуге кі­рісті. Бұл тарихи басқосуда Ислам кон­фе­рен­циясы ұйымы атауын (ИКҰ) Ислам ын­тымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) деп өзгер­ту туралы шешім қабылданды және Адам құқықтары жөніндегі тұрақты комиссия құрылды. Алғаш рет ИЫҰ-ның Орталық Азиямен ынтымақтастық жөніндегі іс-әре­кет жоспары қабылданды. (2017 жылғы 10-11 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ын­тымақтастық ұйымының ғылым және тех­нологиялар жөніндегі Бірінші саммитін аш­ты. Делегация басшылары Ислам ын­тымақтастық ұйымының ғылым мен тех­нологиялар жөніндегі 1-саммитінің «Ғы­лым, технология, инновация және ислам әле­мінің жаңғыруы» атты Астана дек­лара­циясын қабылдады).

1996 жылы құрылған халықаралық ұйым − Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қа­зақстан екі рет (2010-2011, 2016-2017 жыл­да) төрағалық етті. Құрамында Қа­зақ­стан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Өз­бекстан елдері кіретін және Үндістан, Пәкі­стан, Иран, Моңғолия бақылаушы ре­тінде қатысатын бұл ұйым 2004 жылы ШЫҰ БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында бақы­лау­шы ұйымы мәртебесін алды. Қазақ­стан­ның Тұңғыш Президенті –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Шанхай ынты­мақ­тастық ұйымының негізін қалаушылар­дың бірі деп атауға лайықты. Нұрсұлтан Әбіш­ұлы ШЫҰ-ны құру мен дамыту ісіне елеу­лі үлес қосты.

2005 жылы 5 шілдеде Астанада ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кезекті саммитінде Астана мәлімдемесі жасалды. Антитеррорлық сипаттағы маңызды құ­жат­тар – (терроризм, сепаратизм және экстре­мизмге қарсы күресуде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық тұ­жы­рымдамасы, ШЫҰ ӨТҚҚ жанындағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің тұрақты өкіл­діктері туралы ережесі және ШЫҰ ӨТҚҚ кеңесінің баяндамасы бекітілді.

1992 жылғы 2 наурызда Біріккен Ұлт­тар Ұйымына мүшелікке қабылданып, 2016 жылғы 28 маусымда БҰҰ Қауіпсіздік кеңе­сінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты Бірік­кен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңе­сі төрағасының мүшесі болып сайлан­ған Қазақстан 2018 жылы 1-31 қаңтар ара­­лығында тарихта тұңғыш рет өкілет­тілі­гін орындады. Қазақстандық делегация Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қауіпсіз, әділ және өркендеген әлем құру үшін жаһандық әріптестікті нығайтуға қазақстандық тұ­жырым­дамалық көзқарас» атты саяси үн­деуін, сондай-ақ прагматикалық прин­цип­терге негізделген өз ұлттық мүдделерін бас­шылыққа алып, БҰҰ-ның негізгі ор­га­нының жұмысына төрағалық етті. Қазақ­стан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ре­­тінде БҰҰ Хатшылығының көмегімен Қауіп­сіздік кеңесінің үздіксіз күнделікті жұмысын қамтамасыз етті және мандатқа сәй­кес жүктелген функцияларды орын­дады. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне сай­ланған Орталық Азиядағы бірінші мем­лекет ретінде төрағалығы барысында аймақтағы барлық мемлекеттің мүддесі үшін белсенді жұмысын жалғастырды. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ҚР Сыртқы істер ми­нистрі Қайрат Әбдірахмановтың төра­ға­лығымен 19 қаңтарда өткен «Қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділігінің үлгісі ре­­тінде Ауғанстан мен Орталық Азиядағы ай­­мақтық серіктестікті құру» тақырыбында өткен министрлер деңгейіндегі тақы­рып­тық пікірталастары негізгі іс-шаралардың бі­ріне айналды. Жалпы, Қазақстанның тө­ра­­ғалығы барысында консультациялар, бри­фингтер және пікірталастар форма­тын­­да 30-ға жуық отырыс өткізілді және олар­­дың қорытындысы бойынша кеңес төра­ғасының бұқаралық ақпарат құрал­дары үшін қарарлар мен мәлімдемелер қа­­был­данды.

Халықаралық деңгейдегі спорттық ша­ралар өткізу де кез келген мем­ле­кет үшін әлемдік деңгейдегі жетістік са­­­налатыны белгілі. Бұл орайда Қазақ­стан­да өткен екі ірі спорт жарысы ерекшелеп ай­ту­ға тұрарлық. Оның бірі – 2011 жылғы 30 қаңтар-7 ақпан аралығында Алматы мен Астана қалаларында өткен VII Қысқы Азия ойындары (Азиада) болса, екіншісі – Ал­маты қаласында 2017 жылы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өткен ХХVIII Қыс­­қы Универсиада.

VII Қысқы Азия ойындарына (немесе Азиада 2011) жиырмаға жуық ел қатысты. Жа­­рыстар спорттың 11 түрінен өткізілді жә­­не 59-дан астам медаль жиынтығы ой­на­­тылды. Азиадаға 60 мыңнан астам ту­рист келді.

Елордада мәнерлеп сырғанаудан да, хок­кейден, конькиде жылдам жү­гіру және шорт-тректен жарыстар өтті. Қал­­ған ойындардың барлығы Алматы қа­­ласында өткізілді. Ойындар елдің атын шы­ғарып қана қоймай, қысқы спорт түр­лерінің дамуын жаңа дәрежеге көтерді. Бір кезде әлемге әйгілі «Медеу» мұз айдынында бір сырғанап өту бүкіл әлемнің коньки тебу­­шілері үшін арманға айналса, Азиада ар­қылы талай спортшының сол арманы орындалды.

Азияның көптеген елі Азия ойын­дарын олимпиада ойындарымен қатар қояды. Сондықтан VII Қысқы Азия ойын­дарын дайындау және өткізу Қа­зақ­станның түрлі саладағы көшбасшылық ор­нын тағы бір көрсетіп, қандай болса да әлем­дік ірі спорт жарыстарын жоғары дең­­­гейден өткізе алатын ел екенін та­ныт­ты.

Алматыда өткен XXVIII Қысқы Уни­вер­сиада жарыстары спорттың 12 түрі бойын­ша өтті. Олардың арасында тау шаң­ғысы, биатлон, шаңғы жарысы, шаңғы қос­сайы­сы, шаңғымен трамплиннен секіру, сноу­борд, фристайл, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, конькимен жүгіру спорты, шайбалы хоккей (ерлер және әйелдер арасында) және керлинг ойындары бар.

Универсиада бірнеше спорттық ке­шен­де өтті. Алматы-Арена мұз са­райы 2017 Қысқы Универсиаданың ең үл­кен спорттық нысаны болды. Нысан мұз ша­быны волейбол, баскетбол, мини-фут­бол тағы да басқа ойындар алаңына өзгер­туге келетін болып жобаланған. Ауқымды концерттер өткізу үшін сахналық дыбыс пен жарық бойынша заманауи шешімдер ескерілген. Жабдықталған залдары, келіс­сөздер жүргізетін бөлмелері бар нысан конференциялар, форумдар және әртүрлі деңгейдегі көрмелер өткізуге өте ыңғайлы болып жобаланған. Мұз айдыны кәсіпқой спортшы­лар үшін тұрақты жаттығу ныса­ны­на айналды. Универсиаданың ашылу жә­не жабылу салтанаты, бас аренада мә­нерлеп сырғанау, кіші аренада керлинг бойын­ша жарыстар өтті.

«Халық Арена» көпсалалы, 3000 орын­дық әмбебап мұз аренасы және 300 орын­дық трибунасы бар кіші аренадан тұрады. Ны­санның мұз шабыны волейбол, баскет­бол, мини-футбол тағы да басқа ойындар алаңына өзгертуге келетін болып жоба­лан­ған. Ойын кезінде бұл нысан ерлер ара­сын­дағы шайбалы хоккейден жарыстарды қа­былдады. Сол сияқты әлемге танымал «Ме­деу» мұз айдынында конькимен жү­гіру­ден сайыстар өтсе, Балуан Шолақ атын­дағы спорт сарайы әйелдер арасында шай­­­­балы хоккей, шорт-тректен жарыстар өтті. «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында тау­шаңғы, сноуборд, фристайлдан, «Сұң­қар» халықаралық трамплиндер кешенінде трамп­лин, тұғырдан секіру, «Алатау» шаң­ғы және биатлон кешенінде биатлон, шаң­ғы сайысы және шаңғы қоссайысы, «Та­ба­ған» ойын-сауық кешенінде Биг Эйр жә­не шаңғы акробатикасынан сайыстар өтті.

VII Қысқы Азия ойындарында Қазақ­стан 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медалмен бі­рін­ші орынды иелесе, XXVIII Қысқы Уни­версиада жарысында 11 алтын, 8 күміс, 15 қола медалмен екінші орын алып, әлем­де өзінің қысқы спорттық ойындар бойын­ша күшті елдердің бірі екенін дәлелдеді.

Сыртқы саясатта копвекторлық сая­сат ұстанатын Қазақстан түрлі діни на­ным-сенімдегі елдердің бейбіт қатар өмір сүруіне болатынын, олардың арасын­да­ғы түрлі келіспеушіліктерді өзара келі­сім­мен шешуге болатынын көрсетіп, елі­міз­де бес рет Әлемдік және дәстүрлі діндер көш­басшыларының съездерін (2003, 2006, 2009, 2012, 2015) өткізді. Дәстүрлі дін ли­дер­лері арасындағы келіссөз өзара ын­ты­мақтастық үшін кең болашаққа жол ашып біздің заманымыздың зомбылық, фана­тизм, экстремизм және терроризм сияқты теріс көріністерді болдырмауға септігін тигізуге бағытталған бұл халықаралық дәре­жедегі үлкен басқосуларда діни негізде даулар себебін анықтаумен, дінаралық үй­ле­сімді жетілдіру қажеттігімен, бір-бірі­мізге деген өзара құрметпен, өзге халықтар дәс­түрі негізінде үйренумен байланысты проб­лемалар көтерілді. Оған қатысушылар барлық дін және этникалық топ өкілдерін мәдени және діни айырмашылықтар негі­зінде қақтығыстар тудырмауға шақыратын бірлескен декларацияны қабылдады. Съез­ге қатысқан делегациялардың құрамында БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЮНЕСКО және басқа да халық­ара­лық ұйым өкілдері болды. Діни көш­бас­шылар бүкіл адамзатты осы жер шары­ның болашағы үшін өзара іс-қимыл, бей­біт­шілік пен келісім, әділеттілік пен жа­сам­паздыққа шақырды. Сондай-ақ, қа­тысу­шылар тарапынан бірлескен декларация қабылданып, түрлі елдердің барлық саяси және діни қайраткерлеріне XXI ғасырдың сын-тегеуріндері мен қауіптеріне қарсы бір­лесе қарсы тұру қажеттігі туралы үндеу жа­салды. Қысқаша айтқанда Қазақстанның бұл халықаралық шарасы жер бетіндегі бар­ша адамзат баласын бірлікке, туыс­тық­қа шақырған гуманистік қадам болды.

EXPO-2017 – (Қазақстанның елор­да­сы Астана қаласында Халықаралық көр­мелер бюросы (ХКБ) ұйымдастырған Ха­лықаралық көрме) секілді үлкен жиын­дар да елімізді әлемге танытқан оқиға бол­ды. Көрме 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтті. Ұйым­дастырушылары таңдаған тақырып –
Future Energy (Болашақ қуат). ЕХРО-2017 көр­­месіне 115 мемлекет және 22 халықара­лық ұйым қатысты. Көрмені тамашалауға 3 миллион адам келді. 2011 жылғы 10 мау­сым­да Париждегі Халықаралық көрмелер бю­росының (ХКБ) Бас хатшысы Винсенте Гон­салес Лоссерталеске Қазақстан Респуб­ли­касының ресми өтінімі тапсырылды. Сол сәттен бастап біздің республикамыз Аста­нада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу жө­нін­дегі сайлау науқанына ресми тұрғыда кірісті.

2012 жылғы 14 наурызда Мемлекет бас­шысы Қазақстанның елордасын­да ХКБ-нің сарапшылар комиссиясымен кездесу өткізіп, оның аясында ЕХРО-2017 көр­месін өткізу біздің еліміз үшін ұлттық жоба болып табылатынын ерекше атап өт­ті. 2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Ха­­­лықаралық көрмелер бюросының Бас ас­самблеясының 151-отырысында Астана­ның ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы бейнеүндеуі жол­данды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына кепілдік берді. Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Бо­ла­шақтың энергиясы» деп аталады, ол бала­малы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.

2012 жылғы 22 қарашада ХКБ-ге мү­ше 161 ел өкілінің жасырын дауыс беру барысында Астана EXPO-2017 халық­аралық мамандандырылған көрмесі өтетін орын болып таңдалды. Астананың өтінімін 103 ел қолдады. ЕХРО-2017 ТМД елдерінде өткен алғашқы көрме болды.

Халықаралық саясатта белгілі дәре­жеде салмағы бар Қазақстан түрлі саяси, әскери текетірестер кезінде ара­ғайын­дық рөл атқарған кезі аз емес. Соның ең көрнектісі Сириядағы қақтығыс қар­сы­лас тараптарды келісім үстеліне отыр­ғы­зып, шиеленіскен мәселелерді шешуге де­ген талпынысы болды. Осыдан он жылдай бұрын Сирияда соғыс басталып, алдымен ресми үкімет пен оппозиция ұстасса, кейін елде үлкен террористік топтар пайда болып, мемлекеттің аймағын бөліп жаулап ала бастады. Осыдан АҚШ, Ресей, Түркия секілді мемлекеттердің бірі елдің ресми басшысы Башар Асадты қолдаса, енді бірі оппозицияны қолдап, соғыс одан әрі ушыға түсті. Міне осындай кезде өзінің мә­мілегерлік миссиясын атқарған Қазақ­стан 2015 жылы сәуірде елордада Сирия оппозициясы өкілдерінің қатысуымен келіссөздердің алғашқы раундын өткізген еді. Астана процесі бұл Сирияның ресми үкі­меті мен қарулы оппозиция өкілдерінің ал­ғаш рет бір-бірімен бетпе-бет келіссөз алаңында кездесуімен ерекшеленді. Қарсы тараптар бір үстел басында отырып қана қой­май, соғысты тоқтатуды нығайту жол­дарын тыңғылықты талқылауға дайын еке­нін осы кездесуге қатысу арқылы қуат­тады. Солайша, Сириядағы соғысты тоқ­татуға қатысты алғашқы қадам қазақ елі­нің астанасында жасалды. Әлемнің ал­пауыт мемлекеттері осындай үлкен келісім алаңы ретінде Қазақстанның бас қаласын таңдауы еліміздің әлемде осындай аса маңызы кездесуді барлық жағынан қамта­масыз ете алатынына сенуі еді. Бұл – еліміз үшін аса абыройлы шешім және Қазақ­стан­ның халықаралық беделін танытатын факт.

Өз тәуелсіздігінің 30 жылдығында Қа­зақстанның халықаралық маңыз­ға ие шараларды ойдағыдай өткізіп, әлем мемлекеттерінің алдында беделге ие болуы жас мемлекеттің болашағы жарқын еке­ніне сендірсе керек.

Редакция таңдауы

Тарихшының таланы

Уақыт топырағының астында көміліп қалған ол жұмбаққа ауыспалы ұрпақ­тар өз көзқарасын білдіріп келе жатқанымен, шындықтың түйіні әлі шешіле қойған жоқ. Әл­декімдер Толстойды өлердей жек...

Бүгінгі журналистердің бас ұстазы

Редакциядан: 7 мамыр – радио күні. 1895 жылы осы күні ресейлік физик Александр Попов өзі құрастырған әлемдегі тұңғыш радиоқабылдағышты таныстырған. 1925 жылы тұңғыш рет...

Шәйнектен шыққан хат

«Ескі үйді бұзарда ша­ты­ры­нан қорапқа са­лынған бі­раз ыдыстар тауып алдық, – деді Би­босын жуырдағы бір оқиғаны баяндай бас­тап. – Бұл анамның көзі тірісінде тір­нектеп...

Елорда – егемендік жемісі

Осыдан 23 жыл бұрын 6 мамырда Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Бұл Алатаудан Сарыарқа төсіне бет түзеген қазақ көшіне жаңа серпін,...
b3d1e39b c4ad 4c48 8587 7bba9207815b

7 мамыр: еліміздің тарихындағы маңызды оқиғалар

1992 жылы 7 мамырда Президент Жарлығымен Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс...
16165622 401

Тарихшының таланы

Уақыт топырағының астында көміліп қалған ол жұмбаққа ауыспалы ұрпақ­тар өз көзқарасын білдіріп...
article 45367

Бүгінгі журналистердің бас ұстазы

Редакциядан: 7 мамыр – радио күні. 1895 жылы осы күні ресейлік физик...

Жаңалықтар

Қазақстан Қырғыз Республикасына көмек ретінде 10 мың тонна ұн жібереді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек ретінде 10 мың тонна ұн жіберуді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі...

Ішімдіктен бас тартқан ауылда бір жарым жыл бойы бірде-бір қылмыс тіркелмеген

Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы Жиделіарық ауылында бір жарым жыл ішінде бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Ауылдың тыныс-тіршілігі және учаскелік инспектордың жұмысы туралы ІІМ-нің ресми сайтында баяндалады,...

Барлық ер адам әскери борышын өтеуге міндетті ме? – Жастардың пікірі

«Қазақстан жастары» әлеуметтік зерттеуінің 2020 жылғы қорытындысына сәйкес,  сауалнамаға қатысқан респонденттердің басым көпшілігі (59,6%) әскери қызметке оң көзқарасын білдірген. 34,4% респондент бейтарап көзқараста екенін...

Нұр-Сұлтанда сауда орталықтары мен базарлардың жұмыс кестесі өзгерді

Елорданың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, сауда орталықтары жаңа режимде жұмыс істейтін болады, - деп хабарлайды zakon.kz. Жаңа жұмыс кестесі бойынша сауда орталықтары жұмыс...

Қадір түнін мешітте қарсы алуға рұқсат па? – ҚМБД мәлімдемесі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қадір түніне қатысты мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды turkystan.kz. Мәлімдемеде эпидахуалды одан сайын күрделендірмеу үшін Қадір түнінде мешітте орындалатын діни...

Генералдар қатары 19-ға көбейді

Ақордада жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер, сондай-ақ, әскерилер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне салтанатты түрде ордендер мен медальдар тапсыру рәсімі өтті, -...

Теңізде жұмысшылар ереуілге шықты

Атырау облысында "Теңізшевройл" мердігерлік ұйымының "ҚазҚұрылысСервис" жұмысшылары жалақы есептеу жүйесіне наразылығын білдіріп, ереуіл ұйымдастырды, деп хабарлайды zakon.kz Ақжайыққа сілтеме жасай отырып. "Қазқұрылыссервис" компаниясының басшылығы мәселені...

Қорғаныс министрлігі ерекше көзге түскен Отан қорғаушыларды марапаттады

Отан қорғаушылар күніне орай Президенттің Жарлығымен Қарулы Күштердің 23 өкілі мемлекеттік наградаға ие болды. Ерекше көзге түскен әскери қызметкерлерге Қорғаныс министрлігінде де құрмет көрсетілді....

Түркіменстан ардагерлері Жеңіс күні президенттен алатын сыйлыққа өздері ақша төлейді

Түркіменстанда Екінші дүниежүзілік соғыс және тыл ардагерлері өздеріне берілетін сыйлыққа ақша өткізуге міндеттелді, оларды 9 мамыр күні елдің президенті Гурбангулы Бердімұхамедов табыстайды. Бұл туралы...

Қазақстан Үндістанға көмек жібереді

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, - деп хабарлайды akorda.kz. Мемлекет басшысына санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, халыққа вакцина салу, сондай-ақ еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы баяндалды. Асқар...

Еліміздің 2 ірі әуежайына «Ashyq» қосымшасы енгізіледі

Нұр-Cұлтан және Алматы қалаларындағы халықаралық әуежайына жолаушылар «Ashyq» қосымшасы арқылы кіретін болады. Бұл туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысында жазылған. Қаулыға сәйкес, «Ashyq» қосымшасы...

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің вакцина туралы қаулысына өзгеріс енді

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы жарияланды. Құжат мәтініне сәйкес, вакциналау тәртібіне өзгеріс енгізілген. «Вакцинацияны екі кезеңмен жүргізеді: 0,5 мл дозада I компонентпен,...

Журналиске ренжіген Жаркенттің «дөрекі» әкімі қатаң сөгіс алды

Жаркент әкімі Болат Омаров 24.kz телеарнасының журналисіне берген сұхбаты мен жүргізушілермен кездесудегі дөрекі жауаптары үшін қатаң сөгіс алды, – деп жазды Tengrinews.kz. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Шымкентте әуе шары құлап, 4 мың отбасы жарықсыз қалды

6 мамырда сағат шамамен 20:24-те Тұран шағынауданында жеке кәсіпкер әуе шарын жинау барысында апатты оқиға болды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Бекен Қоныс...

Алматы халықаралық әуежайына жаңа басшы тағайындалды

Мете Еркал Алматы халықаралық әуежайының президенті болып тағайындалды, – деп хабарлады TAV Airports баспасөз қызметі. Бұған дейін ол TAV Airports Holding-те операцияларды үйлестіру менеджері және...

Елімізде өткен тәулікте 2840 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда өткен тәулікте 2840 адамнан коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 586, Алматы қаласы - 689, Шымкент қаласы - 139,...

7 мамыр: еліміздің тарихындағы маңызды оқиғалар

1992 жылы 7 мамырда Президент Жарлығымен Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі болып генерал-полковник Сағадат Нұрмағамбетов...

Мемлекет басшысы халықты Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады, – деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. «Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біз бұл күні Қарулы...

Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шықты

Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігері Сархат Бейсенованың жаңа қаулысы шықты. Құжатта бұқаралық іс-шараларды, ауызашар, банкет, үйлену тойы, мерейтой, еске алу сияқты отбасылық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ, митингі,...

Бүгін – Отан қорғаушылар күні

1992 жылғы 7 мамырда Мемлекеттік қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. Дәл осы күні ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы...

Еліміздің үш өңірінде үсік жүреді – Қазгидромет

Қазгидромет 7 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Қазақстан территориясының басым бөлігінде фронталды бөліктің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі. Кей жерде жаңбыр жауады, найзағай...

19 жасар таксисті өлтіріп кеткендер ұсталды

«Ақмола облысында 19 жасар таксисті өлтіріп кеткен екі жас адам ұсталды», − деп хабарлайды «Казинформ» тілшісі. Осы жылдың 4 мамырында күндізгі сағат 16.17-де Бурабай ауданы...

Нұрдәулет Иманәліұлы: Деструктивті материалдарды тарату, басқа платформаларға жіберу заң бұзушылыққа жатады

Тұтас елдің діни қауіпсіздігі, қай тұсынан қарасақ та, ел үшін маңызы жоғары. Дін жолын өз бетінше қабылдай бергеннің ақыры қолына қару алып,  лаңкестердің лаңынан...

Қазақ қызы Грузияға жұмысқа кетіп, белгісіз себептен қаза тапқан…

Бұл ақпарат ҚР Сыртқы істер министрі мен Грузияның Ішкі істер министрлігі тарапынан расталған. Белгісіз жағдайда көз жұмған қыздың аты-жөні Әсел Айтпаева. Марқұмның сіңлісі Айна Айтпаеваның...

Мемлекет басшысы қырғыз еліне гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас қырғыз еліне Қазақстан халқының атынан гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады. «Қырғыз Республикасымен арадағы дәстүрлі достық, одақтастық және стратегиялық серіктестік қағидаттарды басшылыққа ала...

Елордалық оқушы Ұлыбритания патшайымынан хат алды

16 жастағы елордалық оқушы өткен жылдың соңында Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаға хат жолдаған. Осы жылдың басында ол хатқа жауап алыпты, - деп хабарлайды sxodim.astana. Өз...

Ақтөбеде Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайына батырдың мүсіні орнатылды

Ақтөбенің халықаралық әуежайына Әлия Молдағұлова есімі 28 сәуір күні берілген еді. Бүгін ресми таныстырылып, батыр қыздың бюсті орнатылды. Жиында батырдың туыстары, оның өмірін зерттеп...

«Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің жеңімпаздары белгілі болды

Елордада «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесінің 2021 жылғы жеңімпаздары марапатталды. Жеңімпаздар 10 аталым бойынша марапатталды. Оларға естелік мүсінше мен 1 млн теңге сыйақы берілді. «Үздік ақпараттық бағдарлама»...

Ұлы Отан соғысының батырларына арналған онлайн портал іске қосылды

Казақстандық блогерлер мен қоғам белсенділері Ұлы Отан соғысының батырларына арналған порталды іске қосты. Қазақстандық блогерлер мен қоғам белсенділері «Мәңгілік полк» акциясын онлайн форматта өткізу үшін портал жасап...

Университет аумағында «Елбасы саябағы» ашылды

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Елбасы саябағы» ашылды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне бой түзеген ағаштар...

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің туғанына 70 жыл

Бүгін қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің туған күні.  Классикалық күрестің шын шебері көзі тірі болса 70 жасқа толар еді. Өкінішке қарай, әлемді...

Демалыс және мереке күндері вакцина салу жалғасады

Алматыда демалыс және мереке күндері вакцина салу жалғасады. Бұл туралы «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК Алматы қалалық филиалының директоры Гүлнар Ысқақова айтты. «Қазақстанда...

«Кінәм жоқ»: Елжан Біртанов сотта мәлімдеме жасады

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ешқандай заңсыз әрекет, әсіресе коронавирус пандемиясы кезінде жемқорлық қылмыстарын жасамағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды  Sputnik "Бұрынғы денсаулық сақтау министрі...

«Тұмар» ұлттық телевизия бәйгесінің марапаттау рәсімі өтіп жатыр

Елордадағы Қазмедиа орталығында «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі басталды. Биылғы «Тұмар» V ұлттық телевизиялық сыйлығының номинанттарының шорт-парағына 40 финалист енді. Сыйлық алуға 10...

Тарихшының таланы

Уақыт топырағының астында көміліп қалған ол жұмбаққа ауыспалы ұрпақ­тар өз көзқарасын білдіріп келе жатқанымен, шындықтың түйіні әлі шешіле қойған жоқ. Әл­декімдер Толстойды өлердей жек...

Жақсылыққа – жақсылық әр адамның ісі

Неге екенiн қайдам, соңғы кезде «Адамдар арасында мейiрiмдiлiк, қайы­рым­дылық, кiшiпейiлдiк, жанашырлық, бауырмалдық азайып, жүрекке жайлы тиетiн iзгi iстер сиреп бара жатыр» деген сөздердi жиi...

Бүгінгі журналистердің бас ұстазы

Редакциядан: 7 мамыр – радио күні. 1895 жылы осы күні ресейлік физик Александр Попов өзі құрастырған әлемдегі тұңғыш радиоқабылдағышты таныстырған. 1925 жылы тұңғыш рет...

Шәйнектен шыққан хат

«Ескі үйді бұзарда ша­ты­ры­нан қорапқа са­лынған бі­раз ыдыстар тауып алдық, – деді Би­босын жуырдағы бір оқиғаны баяндай бас­тап. – Бұл анамның көзі тірісінде тір­нектеп...

Қарулы күштің қалқаны қару ғана емес

Қазақстан Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өз алдына Қарулы Күштерін құру туралы маңызды міндет қойды. Алғаш 1991 жылы 25 қазанда Елбасының Жарлығымен құрылған Қор­ғаныс комитеті кейін...

Елбасы халықты Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады, – деп жазды elbasy.kz. «Құрметті қазақстандықтар! Баршаңызды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын! Тәуелсіздік жылдарында еліміздің...

Алматы әкімдігі вакцинадан қайтыс болды делінген азаматқа қатысты пікір білдірді

Алматы әкімдігі вакцинадан қайтыс болды делінген алматылыққа қатысты пікір білдірді. «Әлеуметтік желіде Алматы тұрғыны Б.Н. өлімі жайлы ақпарат тарауда. Алматы қаласының әкімдігі марқұмның туыстарына көңіл...

Маңызды мәселелер қаралды

Тұрғын үй-коммуналдық шаруа­­шылығы саласында қорда­ланған мәселелерді шешу үшін нұро­тандықтар иесіз желілерді пай­даланушы ұйымдардың мен­шігіне өтеусіз беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Электр қуаты мен жылу тариф­терінің бұдан...

Елорда – егемендік жемісі

Осыдан 23 жыл бұрын 6 мамырда Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгертілді. Бұл Алатаудан Сарыарқа төсіне бет түзеген қазақ көшіне жаңа серпін,...

Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары болып Жұмашев Қаныбек Бекболатұлы тағайындалды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Telegram каналы...

Президент Жарлығымен бірқатар әскери қызметшілерге әскери шендер берілді

Ақорданың ресми сайты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен әскери атақ алған қызметшілердің тізімін жариялады. Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын беру...

Тәуелсіздік күнтізбесі

1992 жылғы 6 мамырда Қазақстан мен Дания Корольдігі ара­сында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Хаттамаға қол қойылды. 1992 жылғы 7 мамырда Президент Жарлығымен Мем­лекеттік қорғаныс комитеті...

Алмас Мыр­затай: Porshe-де басталған еңбек жолым Microsoft-та сәтті жалғасты

Былтыр Microsoft компаниясы Microsoft Translator тіл­дер то­бына қазақ тілі­нің қосылғанын ресми түр­де хабарлаған бо­ла­тын. Сондай-ақ, биыл ақ­пан айында қазақ ті­лінің Microsoft Teams плат­формасына енгі­зіл­гені...

«Қазпошта» онлайн сауда нарығын дамытып жатыр

«Қазпошта» биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 4 миллионға жуық сәлемдеме жеткізген. Компанияның жұмысы, пандемия кезінде де тоқтаған жоқ. Ұлттық пошта операторының арқасында 140-қа жуық мемлекет...

Тілегі бірдің тілі де бір болса…

«Кемедегінің жаны бір» дейді қазақ мәтелінде. Демек бір мем­ле­кет­те өмір сүріп жатқан халықтың да мемлекет мүддесі тұрғысынан ау­зы бір болуы тиіс. Бірлік үшін не...

«Түркістан» кемесі теңізге жол тартты

Орал қаласында жаңа «Түркістан» кемесі салтанатты түрде теңізге жол тартты. «Зенит» Орал зауыты АҚ құрастырған шағын қарауыл кемесіне «Түркістан» атауы берілді. ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің...

НАТО-ның грантын ұтып алған ғалым

Сейтхан Азатұлы – 2004 жылы Қытай елінен көшіп келген қандасымыз. Ол бүгінде Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің (Satbayev university) Химия және биологиялық...

Азат елдің армиясы − тәуелсіздік тірегі

Армия − елдің айбыны. Мемлекет тұтастығы мен қауіпсіздігінің ең басты кепілі. Демек, елдің Қарулы күші қаншалық мықты болса, сол елдің өсіп-өркендеуі мен дамуы да...

Ешқандай тоқ көзі жоқ: БҚО-да 6 жастағы қыздың өліміне қатысты жаңа дерек пайда болды

Батыс Қазақстан облысы Деркөл ауылында ойнап жүрген алты жасар қыз күмәнді жағдайда мерт болды. Газ құбырын екі қолымен ұстаған Айяның неден көз жұмғаны көпшілікке...

Айтылды – орындалды

Биыл жыл басынан бері Мемлекет басшысының Баспасөз қызметі «Айтылды – орындалды» айдарымен Президент тапсырмаларының орындалу барысынан ел-жұртты хабардар етіп отыратын жақсы үрдіс бастады. Осы арқылы...

«Бейқам өмір сүрдім деп айта алмаймын»: Сабина Алтынбекова өмірінің күрт өзгергені туралы айтты

Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова өмірінде болып жатқан өзгерістер туралы айтты, - деп хабарлайды zakon.kz. Тұрмысқа шыққанға дейін мен мүлдем басқаша едім, батыл, тез ашуланшақ, тіпті...

Алексей Цой вакцинаның екінші компонентін алу мерзімі неліктен ұзартылғанын түсіндірді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "Спутник V" екінші компонентін алу мерзімі неліктен ұзартылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "Бізге вакцинаны әзірлеген Гамалея атындағы орталықтан хат...

Атырауда Азия чемпионын атып өлтірген күдіктіге жаза кесілді

Атырауда Есенбек Сиғуатовты атып өлтірген қылмыскер 15 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.  Сот үкіміне екі тарап та наразы болған. Марқұмның ата-анасы...

Жоғалып кеткен кәсіпкер өлі күйде өзеннен табылды

Қарағанды облысында жоғалып кеткен кәсіпкер Нұрлан Сүлейменов өлі күйде табылды, - деп хабарлайды ҚазТАГ. "5 мамырда Қарағанды облысы ТЖ сүңгуірлері мен учаскелік полиция инспекторлары іздестіру...

Прокурор Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін одан әрі ұзартуды сұрады

Мемлекеттік айыптаушы соттан бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімін 2021 жылдың 14 маусымына дейін ұзартуды сұрады. Осыдан екі апта бұрын ғана үйқамақ...

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының президентіне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына орай Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды akorda.kz. – Бүкіл халық қолдаған...

МӘМС: Елордалықтар жыл басынан бері 12,7 миллиард теңгеден аса жарна аударған

«Елордалықтар 2021 жыл басталғалы бері, яғни қаңтар-сәуір айларында медициналық сақтандыру үшін  12,7 млрд теңгеден аса жарна аударды, ал сәуір айында МӘМС үшін 3,7 млрд...

Ақмола облысында жолаушылар 19 жастағы такси жүргізушісін өлтіріп кеткен

Ақмола облысында мас жолаушылар өздерін жеткізіп тастаудан бас тартқан 19 жастағы такси жүргізушісін өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 4 мамырда Бурабай ауданының полиция бөлімінің кезекші...

Індет жұқтырғандар саны күрт өсті: Өткен тәуліктегі эпидемиологиялық ахуал

Елімізде өткен тәулікте 2443 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 398, Алматы қаласы - 651, Шымкент қаласы - 70,...

Дүниежүзілік вакциналар конгресі коронавирусқа қарсы ең жақсы вакцинаны анықтады

Дүниежүзілік вакциналар конгресі (World Vaccine Congress Washington) американдық Moderna препаратын коронавирусқа қарсы ең жақсы вакцина деп жариялады. Шорт-тізімге "Спутник V", сонымен қатар AstraZeneca, Bharat Biotech,...

Израиль Сирияны зымыранмен атқылады

Араб Әмірліктерінің ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуылдан 1 адам қаза тауып, 6 адам жарақат алған. Құрбан болған және зардап шеккен тұрғындардың барлығы - бейбіт тұрғындар. Арасында...

Жеті облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жеті облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды 24.kz. 6 мамырда Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20...

6 мамыр: Есте қалған елеулі оқиғалар

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Дания Корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Хаттамаға қол қойылды. 1993 жылы Алматыда Республикалық кино үйінде 1991-1993 жылдары жасалған фильмдердің...

Билл Гейтстің әйелі қанша ақшаға ие болатыны анықталды

Билл Гейтстің әйелі Мелинда ажырасу кезінде құны 1,8 млрд доллар болатын құнды қағаздарды иеленді. Microsoft компаниясының негізін қалаушының әйелі Канада ұлттық теміржол компаниясының 1,5 млрд...

Электросамокат мінгендер ескеруі тиіс ережелер

Жас баладан бастап, үлкен жастағы адамдарға дейін электросамокатпен жүру ыңғайлы. Электросамокаттың ерекшелігі электр қозғалтқышы мен аккумуляторының болуында. Тіпті жанармай құйып әуреге салмайды. Электросамокатқа көлік...

Ұлыбританияда 50 жастан асқандарға вакцинаның үшінші дозасы салынады

Ұлыбританияның 50 жастан асқан тұрғындарына биыл күзде коронавирус инфекциясынан вакцинаның үшінші дозасын салу ұсынылды. Қазіргі уақытта елдің бас санитарлық дәрігері Крис Уиттидің жетекшілігімен екі түрлі...

Бөдене мың ауруға шипа

Бөдене туралы еліміздегі алғашқы ғылыми зерттеу жұмысының авторы, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің PhD докторанты Мұхтар Байбатшановтың пікіріне сүйенсек, Чернобыль апатынан кейін ғалымдар апат аймағында...

Мәдина Әбілқасымова Тимур Әбілқасымовты кеңесші етіп тағайындады

Экономист Тимур Әбілқасымов қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттіктің ресми сайты. “Тимур Әбілқасымов тағайындалғанға дейін “Radius Advisory Lab” консалтингтік...

Жамбыл облысындағы вакцина шығаратын зауытқа тағы 1,6 миллиард теңге бөлінбек

Жамбыл облысында салынып жатқан биофармацетивкалық зауытқа бюджеттен қосымша 1,6 миллиард теңге бөлінеді. Мәжіліс тиісті заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. "2021–2023 жылдарға арналған республикалық...

Жер шетелдіктерге сатылмайды. Мәжіліс мақұлдады

Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына ҚР Парламентінің Сенаты енгізген өзгерістермен және...

Перуашев: Денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктері өздеріне 15 миллион сыйақы жаздырып алады

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Денсаулық сақтау министрлігінің халықты вакцинамен қамту жөніндегі жұмысын сынға алды. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев пандемия кезінде шағын және орта бизнестің құлдырауына...

Жетім баланы қағып кеткен шенеуніктің ұлына қатысты министрлік пікір білдірді

Қаржы министрлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен МКК қызметкерінің ұлына қатысты жағдайға қысқаша түсініктеме берді. Бұл туралы Orda.kz хабарлады. - Бұл комитетке де, министрлікке де қатысы...

Коронавируспен ауырғаныңызды тырнағыңыз арқылы анықтауға болады – Британдық ғалым

Тырнақтағы сызықтар мен ойықтар коронавирустың салдары болуы мүмкін. Мұндай мәлімдемені Британдық профессор Тим Спектор жасады, деп хабарлайды Metro. Ғалым Twitter-де сурет жариялап, өсіп келе жатқан...

Елімізде валютаның жаңа түрі айналымға шықпақ

Қазақстан Ұлттық Банкі айналымға валютаның жаңа түрін - цифрлық теңгені енгізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды zakon.kz. Цифрлық теңге қолма-қол ақшамен қатар пайдаланылатын болады. Цифрлық...

Мирас Дәуленов Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды

Үкімет қаулысымен Мирас Мұхтарұлы Дәуленов Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды zakon.kz премьер-министрдің сайтына сілтеме жасай отырып. Мирас Дәуленов 1983 жылы Шығыс Қазақстан...

Алматыда Hayat-Vax вакцинасын салу басталды

Алматыда Нayat-Vax вакцинасын салу басталды. Енді қазақстандықтар коронавирусқа қарсы үш вакцинаның біреуін таңдай алады. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық...

Ақтөбеде полицейлер жыл басынан бері 180 миллион теңгеден астам айыппұл өндірген

Ақтөбе қаласының полицейлері жыл басынан бері 180 миллион теңгеден астам айыппұл өндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ақтөбе қаласы Полиция басқармасы төрт айда 285 миллион...

Кадрлық өзгеріс: Архимед Мұхамбетов алты әкімді жаңадан тағайындады

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов алты басшыны ауыстырды, - деп хабарлайды sputnik.kz. "Бүгін қала мен аудан мәслихаттарының депутаттарымен келісе отырып, өз өкіміммен келесі кадрлық өзгерістер...

Екі қалада жол ақысы қымбаттады

Таразда қоғамдық көліктерде жол жүру құны 20 теңгеге қымбаттады. Жол ақысы картамен төлеген кезде 85 теңге, ал қолма-қол төлесеңіз — 130 теңге. Бұған дейін...

Латын графикасына көшу мәселелері талқыланды

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен «Латын графикасына көшу - қазақ тілінің ауқымды реформасы» атты онлайн форматтағы дөңгелек үстел өтті. 4 сағатқа созылған бұл жиынға...

P4P рейтингі: Геннадий Головкин оныншы орынға түсті

Бокс туралы жазатын Журналистердің Америка қауымдастығы (BWAA) салмақ санатына қарамастан (pound-for-pound), әлемнің үздік боксшыларының жаңартылған рейтингін жариялады, – деп жазды Sports.kz. ТОП-10 үздігі болып WBA...

Мәжіліс төрағасы қазақстандық вакцина шығаратын зауытты сынға алды

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандық вакцина шығару бойынша Жамбыл облысында салынып жатқан зауытқа кімнің жауапты екенін сынға алды. «Министрліктердің қайсысы бұл зауыт үшін жауапты? Ленталары...

Пойызбен шекарадан миллион доллар алып өтпек болған екі машинист ұсталды

Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің мамандары «Узбекистон темир йуллари» акционерлік қоғамына қарасты «Өзбекстан» локомотив депосының екі машинисі Қазақстанға миллион доллардан аса ақшаны заңсыз алып өтпек болғанын...

Әділ Жанзақов Елбасы Протоколының бастығы қызметіне тағайындалды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Әділ Болатұлы Жанзақов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Протоколының бастығы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Елбасының ресми...

Елімізде 1,5 миллионға жуық адам вакцина салдырды

5 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 486 543 адам вакцина салдырды. Бұл мәліметтерді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Telegram парақшасында жариялады. Бұл ретте вакцинаның екі компонентін...

Бүгін – ұлттық театрдың негізін қалаушы Серке Қожамқұловтың туған күні

125 жыл бұрын (1896-1979) актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның Халық әртісі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек...

Nur Otan-да тұрғын үй кешендерін жаңа басқару формасына көшіру мәселесі қаралды

Соңғы үш жылда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін шешу үшін республикалық бюджеттен 330 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінді. Ауқымды қаржыландыру көлеміне қарамастан, жолға, сумен, газбен...

Жазатайым оқиға емес: тоқ соғып, мерт болған 6 жасар қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Орал маңындағы Деркөл кентінде газ құбырын ұстап, тоққа түскен 6 жасар қыз мерт болды. Осы жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалды. «Бастапқыда бұл дерек жазатайым оқиға ретінде...

5 мамыр: атаулы күндер мен маңызды оқиғалар

1918 жылы 5 мамырда Бүкілқазақ жастарының съезінде «Жас азамат» жастар ұйымы құрылды. «Жас азамат» ұйымының мақсаты – қазақ жастарын біріктіру, ұлттық мүддені қорғау. Съезде...

Түнде үй-іші ұйықтап жатқанда 3 жасар бала оянып, далаға шығып кеткен

Түркістан облысы, Жетісай ауданында 3 жасар бүлдіршін түн жарымында жалғыз жүргені анықталды. Түнгі уақытта кезекті шақыртуға шыққан полицейлер адасып қалған баланы тауып алған. Облыстық ПД...

Досының өлімін естіп, ашуланған: Алматыда лифтіні тепкілеген азамат ұсталды

Алматы қалалық полиция депаратаменті Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті және азаматтардың тыныштығын бұзған азаматты анықтады. Ол – 2002 жылы туған С.есімді азамат....

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, тұман күтіледі

5 мамыр күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің тек солтүстік және шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде екпінді жел,...

Үндістанда сайлауда Сталин жеңіске жетті

Үндістанның Тамилнад штатында өткен аймақтық сайлауда елге белгілі саясаткер Мутхувел Карунанидхи Сталин жеңіске жетті. Ендігі кезекте ол жергілікті әкімшіліктің төрағасы қызметін атқаратын болады, деп...

Вакцина алғандарға сыйлыққа сыра берілетін болды

Нью-Джерси штатының (АҚШ) губернаторы Фил Мёрфи Twitter-дегі жеке парақшасында коронавирусқа қарсы вакцина алған 21 жастан асқан тұрғындарға сыйлық ретінде сыра берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы...

«Головкин Деревянченкодан жеңілді». Америкалық боксшы төрешілер шешімімен келіспейді

Америкалық боксшы Деметриус Андраде Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) осыдан үш жыл бұрын украиналық былғары қолғап шебері Сергей Деревянченкодан (13-2, 10 КО) жеңіліп қалғанын...

Елімізде несие төлеу мерзімі шегерілді – Үкімет басшысы

Шағын және орта кәсіпкерлер үшін несие төлеу мерзімі кейінге шегерілді. Премьер-Министр Асқар Маминнің мәлімдеуінше, екінші деңгейлі банктерде несие бойынша төлем мерзімін осы жылдың 1 шілдесіне...