Әйелдердің мерзімінен бұрын қайтыс болуының негізгі себебі анықталды

Әйелдердің мерзімінен бұрын қайтыс болуының негізгі себебі анықталды

Әйелдердің мерзімінен бұрын қайтыс болуының негізгі себебі анықталды
ашық дереккөзі
Америкалық ғалымдар түсік тастаған әйелдердің мерзімінен бұрын қайтыс болу қаупі 19 пайызға жоғары екенін анықтады. Зерттеу нәтижелері Тhe BMJ ғылыми журналында жарияланды. Мамандар 1993 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңдегі АҚШ-тың жүз мың тұрғынының медициналық бақылауларының деректерін зерттеді. Ғалымдар денсаулыққа әсер ететін факторларды, соның ішінде тамақтану мен өмір салтын салыстырды. Бірнеше мәрте түсік тастаған әйелдер, әсіресе, жүктілігі репродуктивті кезеңнің басында тоқтаған әйелдердің мезгілсіз өлу қаупі жоғары екені анықталды. Жүктілік пен мерзімінен бұрын өлім арасындағы байланыс жүрек-қан тамырлары ауруларынан қайтыс болу жағдайларында айқын көрінген — 48 пайыз. Ғалымдар түсік тастау әйелдер денсаулығына қауіп төндіретін факторлардың бірі деген тұжырымға келді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын ресейлік диетолог Наталья Круглова әйел адамның денсаулығы мен сұлулығы үшін ең қауіпті тағам түрлерін атаған еді. Дәрігердің сөзінше, әйелдер жейтін тағамының калориясына мән беруі керек. Өйткені артық салмақ гинекологиялық, онкологиялық ауруларға ғана емес, бедеулікке әкеліп соғуы мүмкін. Қауіпті аурулардан аулақ болу үшін Наталья Круглова майлы ет, шұжық, жартылай фабрикатталған ет секілді құрамында майы көп өнімдерден бас тартуға кеңес береді. Олар тамақтану рационында күнделікті болмағаны жөн.