Ақтөбеде сыныптастары соққыға жыққан қызға 400 мың теңге өтемақы төленеді

Ақтөбеде сыныптастары соққыға жыққан қызға 400 мың теңге өтемақы төленеді

Ақтөбеде сыныптастары соққыға жыққан қызға 400 мың теңге өтемақы төленеді
ашық дереккөзі
Өткен жылдың қыркүйегінде Ақтөбенің Саркөл ауылындағы мектеп оқушысын сыныптастары соққыға жыққан еді. Күні кеше сот олардың бірінің анасын моральдық зиянды өтеуге міндеттеді деп хабарлайды "Диапазон". Жарты жыл бұрын әлеуметтік желілерде үш оқушы қыздың төбелесінен видео тараған болатын. Видеодан кәмелетке толмаған қыздардың бірі құрдасын ұрып жатқанын, ал қалғандары не болып жатқанын видеоға түсіріп тұрғанын байқауға болады. Кейін қыздардың бірі бұл әрекеті үшін зардап шегушіден кешірім сұрайды. Іс үлкен дау-дамайға ұласып, нәтижесінде білім беру мекемелерінің директорлары қызметтерінен босатыла жаздаған. Полиция тіпті қылмыстық іс қозғаған болатын, бірақ кейінірек оны жабуға тура келеді, себебі құқықбұзушылар қылмыстық жауапкершілік жасына жетпеген еді. Бірақ жанжал мұнымен аяқталған жоқ. Соққыға жығылған қыздың анасы айыпталушы тараптың анасынан моральдық зиян үшін 3 миллион теңге талап еткен. Ол соққыға жығылғаннан бері қызының ұзақ уақыт бойы күйзеліске түсіп, мазасыздық, қорқыныш сезімдері пайда болғанын, оның қатысуымен түсірілген видеоны желіден көріп қалмас үшін телефонды қолына алуға қорқатын күйге түскенін айтуда. Өзге қыздың анасы шағымдағы айыптарды мойындамады. Әйелдің айтуынша, қызы өзіне қарата айтылған әдепсіз сөзге бола ашуға берілген, ол қызы кейінірек кешірім сұрап, жәбірленушімен татуласқанын алға тартып отыр. Сондай-ақ, әйелдің айтуы бойынша, оның қызы да интернеттегі видеоның салдарынан зардап шеккен. Зиянды өтеу үшін айыпталушының анасы зардап шегуші тарапқа сиыр ұсынған, себебі отбасында ақша болмаған. Сот соққыға жығылған қыздың анасының талаптарын ішінара қанағаттандырды. Ол айыпталушы тарапты зардап шегушіге келтірген моральдық зиян үшін 400 мың теңге төлеуді міндеттеді.