Оқушыны мектеп формасына сай келмейтін аяқ киімі үшін сабаққа кіргізбей қойған

Оқушыны мектеп формасына сай келмейтін аяқ киімі үшін сабаққа кіргізбей қойған

Оқушыны мектеп формасына сай келмейтін аяқ киімі үшін сабаққа кіргізбей қойған
ашық дереккөзі
Ұлыбританияда мектеп оқушысын жалпыға ортақ киім үлгісіне сай келмейтін аяқ киімі үшін бірнеше апта бойы білім ошағына кіргізбей қойған. Бұл туралы Gloucester Live порталы хабарлады.  Басылымның хабарлауынша, карантин аяқталғаннан кейінгі алғашқы оқу күнінде 12 жастағы Вацлав Карадиге сабаққа қатысуға рұқсат етілмеген. Өйткені баланың аяқ киімі барлық оқушыларға міндеттелген мектеп формасына сәйкес келмеген. Карадидің ата-анасының айтуынша, олар оған сабақ басталардан бір күн бұрын былғары бәтіңке сатып алған, алайда аяқ киімнің дизайнына назар аудармапты. Мектеп әкімшілігі оқушыға оқу орнынан өзіне сай келетін әйелдер аяқ киімін немесе бірнеше өлшемге үлкен ерлер аяқ киімін тегін алып киюді ұсынған. "Мен оның күн сайын үлкен өлшемдегі аяқ киім киюге мәжбүр болғанын білгенде қатты ашуландым", — дейді баланың анасы. Оқушының ата-анасы оған бес түрлі аяқ киім сатып алуға мәжбүр болыпты. Мектеп формасына сай аяқ киім табылғанша оқушы екі апта сабақтан қалған. "Бізге оқу орнының ережелерін өзгерту мүмкін емес деп айтылды. Біз ұлымызға басқа мектеп іздедік, бірақ пандемияға байланысты оны ауыстыру мүмкін болмай тұр", — дейді оқушының ата-анасы.