Түркия ресейлік вакцинаны сатып алу шартын атады
Түркия ресейлік вакцинаны сатып алу шартын атады
Түркия денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын сатып алу туралы алдын ала келіссөздердің басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Министр ресейлік препаратты сатып алу шартын атады. "Сынақтар аяқталғаннан кейін, вакцина қолдануға жарамды екендігі анықталған кезде оны жаппай пайдалану үшін сатып алуға болады", — деп атап өтті ол.
Бұдан бұрын Германия канцлері Ангела Меркель Еуроодақ ортақ келісімге келе алмаса, Германия "Спутник V" вакцинасын өз бетінше сатып алатынын айтқан. Меркельдің пікірінше, Еуропа елдері Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі (EMA) қабылдаған кез-келген вакцинаны қолдануы керек.