Депутат ШҚО-дағы ауылдардың біріне Елбасының есімін беруді ұсынды

Депутат ШҚО-дағы ауылдардың біріне Елбасының есімін беруді ұсынды

Депутат ШҚО-дағы ауылдардың біріне Елбасының есімін беруді ұсынды
ашық дереккөзі
ШҚО Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты Қайрат Дакеров президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа, премьер-министр Асқар Маминге, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинге, ШҚО әкімі Даниал Ахметовке және тұрғындар назарына ашық хат жолдап, Тарбағатайдағы ауылға Назарбаевтың есімін беруді ұсынды, деп хабарлайды Altaynews. 21 наурыз күні жазылған үндеуде автор ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін Ақжар ауылына беріп, ауылға аудан орталығы статусын қайтару туралы ұсыныс білдіреді. "Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың еңбегін келешек ұрпаққа мәңгілік ету мақсатында 1997 жылға дейін шекарада жатқан бұрынғы Тарбағатай ауданы орталығы болған Ақжар ауылына аудан орталығы статусын қайтарып, қәзіргі Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылынан Ақжар аймағын бөліп, бұрынғыша екі аудан ретінде қалпына келтіріп, Елбасымыздың атына берсе деген ұсыныс", - дейді ШҚО Тарбағатай аудандық мәслихатының депутаты Қайрат Дакеров. Одан бөлек, депутат Тарбағатай ауданының халқы Елбасының еңбегін жоғары бағалайтынын атап өткен. Депутаттың бұл ұсынысын қоғам белсендісі, ауданның тумасы Ермек Құрманғали да қолдайтынын аңдатты. Бұл туралы ойын белсенді өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазған. "1997 жылы Ақсуат ауданына қосылып кеткен Тарбағатай ауданын жеке аудан ретінде қайтарып, орталығын қайтадан Ақжар ауылы ету керек. Жаңадан құрылған ауданға Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мерейтойы қарсаңында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атын беріп, Ақжар ауылына Елбасының бір еңселі ескерткішін орнату керек", - дейді қоғам белсендісі. Сондай-ақ, ауылдың ортасындағы Жамбыл көшесін Назарбаев көшесіне ауыстыру ұсынысы да жасалып отыр (Тарбағатайда Жамбыл атамыздың атында ауыл да, мектеп те бар). Қоғам белсендісінің ойынша, бұл ой іске асса, Тарбағатай халқының көші тоқтап, жаңа жұмыс орындары ашылып, шекараның шетіне халық орнығып, өріске мал толып, халық саны көбеймек.