СҚО-да заңсыз айналымнан 500 литрге жуық алкоголь өнімі тәркіленді

СҚО-да заңсыз айналымнан 500 литрге жуық алкоголь өнімі тәркіленді

СҚО-да заңсыз айналымнан 500 литрге жуық алкоголь өнімі тәркіленді
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысында «Тұрмыс» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында есепте тұрған 6 мыңға жуық адам тексеріліп, алкоголь өнімін заңсыз сатудың 4 дерегі анықталды. СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Мамлют ауданының тұрғыны спирттік ішімдік сатуға рұқсат лицензиясы болмаса да дүкенінде алкоголь сатып келген. Полицейлер саудагерден 70 литр алкоголь өнімін тәркіледі. Сараптама тағайындалды. Кәсіпкер енді әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл Мамлют ауданында анықталып отырған бірінші жағдай емес. «Тұрмыс» операциясы аясында үйде спирттік ішімдік сатудың тағы үш дерегі анықталды. «Тұрмыс» жедел-алдын алу іс-шарасы 19-24 наурыз аралығында облыс аумағында өтті. Операцияның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық қылмыстарды анықтау, алдын алу. Бұл қылмыстар негізінен мас күйде жасалады. Сол себепті алкоголь өнімдерін сатуда заңнаманың сақталуын қатаң бақылауда ұстаймыз», - дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов. Іс-шара өткен бес күннің ішінде тәртіп сақшылары есепте тұрған 6 мыңға жуық тұрғынды тексерді. Нәтижесінде түрлі 886 құқық бұзушылық тіркелді. Оның 88-і тұрмысқа қатысты. Жалпы жыл басынан заңсыз айналымнан 492 литр алкоголь өнімі алынды.