Елімізде 26-28 наурыз аралығында ауа райы бұзылады

Елімізде 26-28 наурыз аралығында ауа райы бұзылады

Елімізде 26-28 наурыз аралығында ауа райы бұзылады
ашық дереккөзі
Синоптиктер алдағы үш күнде ауа-райы бұзылады деп болжап отыр. Ел аумағында Жерорта теңізі мен солтүстік-батыс аймақтардан келген екі циклон тоғысады, - деп хабарлайды Қазгидромет. "Циклондар республиканың көп бөлігіндегі ауа-райын құбылтады. Барлық өңірде жауын-шашын, кей жерлерде қатты көктайғақ, бұрқасын күтіледі, еліміздің оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін", - делінген хабарламада. Бұған дейін еліміздің тоғыз облысында дабылды ескерту жарияланған болатын.