Елімізде 26-28 наурыз аралығында ауа райы бұзылады
Елімізде 26-28 наурыз аралығында ауа райы бұзылады
Синоптиктер алдағы үш күнде ауа-райы бұзылады деп болжап отыр. Ел аумағында Жерорта теңізі мен солтүстік-батыс аймақтардан келген екі циклон тоғысады, - деп хабарлайды Қазгидромет.
"Циклондар республиканың көп бөлігіндегі ауа-райын құбылтады. Барлық өңірде жауын-шашын, кей жерлерде қатты көктайғақ, бұрқасын күтіледі, еліміздің оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін", - делінген хабарламада.
Бұған дейін еліміздің тоғыз облысында дабылды ескерту жарияланған болатын.