Жаңалықтар

«Сатылай кешенді оқыту» технологиясының зертханасы ашылды

ашық дереккөзі

«Сатылай кешенді оқыту» технологиясының зертханасы ашылды

Білім басқармасы және Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 17 наурыз күні офлайн форматта №52 мектеп-гимназиясы базасында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оразахынова Нұрша Алжанбайқызының ғылыми еңбегі «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының зертханасы ашылды. Зертхананы құрудағы басты мақсат Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы арқылы қазақ тілінде ойын толық жеткізе алатын, ұлттық құндылықтарды бағалай білетін, қазақтың тарихы мен мәдениетін терең меңгерген,  ұлттық санасы қалыптасқан, рухы биік көптілді, білімді тұлға қалыптастыру. Ғылыми зертхананың базасы Нұр-Сұлтан қаласы, Бейімбет Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясында құрылады.