«Сатылай кешенді оқыту» технологиясының зертханасы ашылды

«Сатылай кешенді оқыту» технологиясының зертханасы ашылды

«Сатылай кешенді оқыту» технологиясының зертханасы ашылды
ашық дереккөзі
Білім басқармасы және Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен 2021 жылғы 17 наурыз күні офлайн форматта №52 мектеп-гимназиясы базасында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Оразахынова Нұрша Алжанбайқызының ғылыми еңбегі «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының зертханасы ашылды.  width= Аталған зертхана Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі» қаулысына сәйкес, «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясын басшылыққа ала отырып, Нұр-Сұлтан қаласының орта білім беру ұйымдарында жүзеге асып жатқан «Профессор сабағы» жобасы аясында іске қосылады. Аталмыш технология оқушыға кез-келген пәнді жеңіл игеруіне жол ашады. Ал зертхана тәлімгерлері осы технологияның негізінде қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын, орыс тілдері, математика пәндерін жылдам әрі тыңғылықты оқитын болады.  width= Зертхананы құрудағы басты мақсат Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы арқылы қазақ тілінде ойын толық жеткізе алатын, ұлттық құндылықтарды бағалай білетін, қазақтың тарихы мен мәдениетін терең меңгерген,  ұлттық санасы қалыптасқан, рухы биік көптілді, білімді тұлға қалыптастыру. Ғылыми зертхананың базасы Нұр-Сұлтан қаласы, Бейімбет Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясында құрылады.