Қайрат Нұртас Алматыда жасырын өткізілген тойда болған (видео)

Қайрат Нұртас Алматыда жасырын өткізілген тойда болған (видео)

Қайрат Нұртас Алматыда жасырын өткізілген тойда болған (видео)
ашық дереккөзі
Алматыда мереке күндері жұмысын тоқтатпаған тағы бір мейрамхана анықталды. Мониторинг тобы мен қалалық штабтың мамандары бірлесіп, көңіл көтеретін орынның ішіне 3 сағат дегенде әзер кірді. Күшейтілген карантин талаптарын сақтамаған қонақтардың арасында елге танымал әнші де болды, – деп жазды республикалық арнайы мониторинг тобы төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов Facebook-тегі парақшасында. Ол түнгі уақытта жасырын түрде той өткізіп жатқан мейрамхананың видеосын да жариялады. «Біз екі сағаттан астам уақыт бойы «Laureate» мейрамханасында қонақтардың бар-жоғын білуге тырыстық, бекер күтпеген екенбіз. Мейрамханада жүзден астам адам бар екені анықталды. Әрине, төбелес те болды. Жалпы, барлығы видеоға түсірілді», – деп жазды Рафаэль Гасанов. Оқиға Медеу ауданында болған. Мониторинг тобының мүшелері мен БАҚ өкілдері ғимарат ішіне кірген кезде, қонақтар бұрыш-бұрышқа тығылып, беттерін көрсетпеуге тырысты. Олардың арасында танымал әнші Қайрат Нұртас та бар.