Қазақстан елшісі Моңғолияның Сыртқы істер министрімен кездесті

Қазақстан елшісі Моңғолияның Сыртқы істер министрімен кездесті

Қазақстан елшісі Моңғолияның Сыртқы істер министрімен кездесті
ашық дереккөзі
Бүгін Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмөнхийн Батцэцэг Қазақстанның Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Ж.Әділбаевты қабылдады. Кездесу басында Б.Батцэцэг Қазақстан халқын тіршілік атаулы жанданып, табиғат қайта түлейтін шақ пен жаңа өмірге ұмтылыстың нышаны болып табылатын көктемгі Наурыз мейрамымен құттықтады. Сонымен қатар, Моңғолияның Сыртқы істер министрі Б.Батцэцэг Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеубердіге сыртқы саясат ведомствосының басшысы болып тағайындалуына орай жолдаған жылы лебізді құттықтауы үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, министр екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мақсатында бірлесіп жұмысты жалғастыруға дайын екенін атап өтті. Өз кезегінде, елші Ж.Әділбаев моңғол министріне елдің қазіргі басшылығының бастамасымен Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығына орай өткізілетін іс-шаралар туралы  мағлұмат берді. Сұхбат барысында тараптар қазақ-монғол ынтымақтастығының жағдайы мен келешегін талқылай отырып, өзара сыйластық, ашықтық пен сенім қағидаларына негізделген жоғары деңгейдегі сапарлар екіжақты қарым-қатынастарды ілгерілетуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Бұған қоса, көлік, инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы көптеген өзекті мәселелер, сондай-ақ шарттық-құқықтық базаны кеңейту бойынша сындарлы пікірлер алмасылды. Бұл ретте, бірқатар екіжақты келісімдерді жаңарту қажеттілігі бар екені де айтылды. Сонымен қатар, халықаралық сахынадағы әрекеттерді одан әрі үйлестіру мәселелері көтерілді. Моңғол тарапына Қазақстанның халықаралық бастамаларын қолдағаны үшін ризашылық білдірілді.  width=