Ақмола облысында ауылға ақбөкен кіріп кетті

Ақмола облысында ауылға ақбөкен кіріп кетті

Ақмола облысында ауылға ақбөкен кіріп кетті
ашық дереккөзі
Ақмола облысының Қорғалжын ауылына киік кіріп кетті. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан киік текесінің ауыл көшесінде жүргенін көруге болады. Жануар адамдардан да, көліктерден де қорықпайды.  Ауыл тұрғындары бұл жалғыз киік емес, бірнешеуі келді деп отыр. Тұрғындардың айтуынша, ен далада адамның көзіне түсе бермейтін киіктер боранда қалың қарда жүре алмай, ашыққаннан ауылға келген. Сол себепті тұрғындар жабайы аңдарға жемшөп беруде. Еске сала кетейік, Ақмола облысында киіктердің қырылуы қаупі төнген болатын. Ақмола облыс бойынша орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының мәліметінше, 2020 жылдың желтоқсан айында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында 25 мың киік саналды. Қыс айларында ауа райының күрт бұзылуы өңірде қыстап қалған киіктерге қауіп төндірген еді.