«Бала дауысы» ұлттық байқауының 6-шы маусымына іріктеу басталды

«Бала дауысы» ұлттық байқауының 6-шы маусымына іріктеу басталды

«Бала дауысы» ұлттық байқауының 6-шы маусымына іріктеу басталды
ашық дереккөзі
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры 8-12 жас аралығындағы дарынды балаларды «Бала дауысы» ұлттық балалар ән байқауының алтыншы маусымына қатысуға шақырады. 17 финалистті анықтайтын «Бала дауысы» ұлттық балалар ән конкурсының алтыншы маусымына іріктеу кезеңі 25 наурыз бен 15 мамыр аралығында қашықтан өтеді. Кастингке қатысудың барлық шарттары baladauysy.kz сайтында орналастырылған, сондай-ақ, өтінімдерді қабылдау кезеңі қазірден басталды. 1 маусым мен 1 қазан аралығында «Бала дауысы» финалына дайындық кезеңі өтеді: финал қатысушыларына вокал, актерлік шеберлік, хореография бойынша жеке сабақтар өткізіледі; қайталанбас және ерекше сахналық бейнені жасау мақсатында режиссерлер, графика және жарық суретшілері, дизайнерлер, стилисттер олармен жұмыс істейді. Байқаудың финалы 7 және 9 қазан күндері Нұрсұлтан қаласында өтеді. Биылғы жылы байқаудың концерттік бағдарламасының форматы біршама күрделенген - балалар қазақстандық және шетелдік эстраданың танымал хиттерін бэнд сүйемелдеуімен орындайтын болады. Байқаудың барлық кезеңіне қатысу тегін. Іріктеу кезеңінің әрбір қатысушы атаулы дипломдар алады, финалистерге бағалы сыйлықтар беріледі. «Бала дауысы» байқауының жеңімпазы жоба авторы және «Жандану әлемі» қорының құрылтайшысы Әлия Назарбаева тағайындаған атаулы білім беру грантының иегері болады.