Мал шаруашылығымен айналысатын әр қазаққа жер берілуі керек – Алмасбек Садырбаев

Мал шаруашылығымен айналысатын әр қазаққа жер берілуі керек – Алмасбек Садырбаев

Мал шаруашылығымен айналысатын әр қазаққа жер берілуі керек – Алмасбек Садырбаев
ашық дереккөзі
Жер комиссиясының мүшесі Алмасбек Садырбаев мал шаруашылығымен айналысатын қожалық иелеріне жер берілу керек деп санайды. Ауыл халқында жер болмағандықтан, жастар қалаға көшіп, базар жағалап жүргенін айтты сарапшы. «Қаншама жастар қазір қалаға барып, базарда арба сүйретіп жүр. Себебі, ауылда жұмыс жоқ. Ал қожалық иелеріне жер берсе, малын өсіріп, тіршілігін жасайтын еді, кәсібін дамытатын еді. Бізде ұрпақтар сабақтастығы деген жоқ. Мысалы, қожалық иесіне жер берілсе, ол малын, жерін, ертең ұрпағына береді. Солай біз шаруашылығымызды дамытамыз. Мына ұлан ғайыр жеріміз, бос жатпайтын еді, игерілетін еді», – деді «Шопан ата» қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев. Алмасбек Садырбаев – жер комиссиясының мүшесі. 17 жылдан бері қой төлін асылдандырумен айналысып келе жатқан азамат. Бүгінде қойдың басын 3 мыңға жеткізген. Асыл тұқымды қошқар мен қойдан бір мезетте 5-7 эмбрион алып, асыл тұқымды емес қойға салу арқылы уақыт үнемдеу мүмкіндігін, мал жаюдың тиімді әдісін елімізде алғашқылардың бірі болып игерген шаруа өзінде жер жоқ екенін айтады. «Мен қойымды қазір біреуге бақтырып отырмын. Себебі, менде жер жоқ. Әр қожалық иесіне 500 гектардан жер берсе, шаруашылық дамитын еді. Мысалы менде бастапқыда жер болды. Бірақ өте кішкентай. Мен балаларымның аузынан жырып салған қожалығымды тастап, кең жер іздеуге кеттім. Себебі, малды сыйдыру керек. Бүгінде қойдың басы 3 мыңға жақындап қалды. Сондықтан ауыл шаруашылығын дамытамыз десек, шаруаларға жер беріп, қолдау керек», – деді Алмасбек Садырбаев.