Жер реформасы жөніндегі комиссияның І отырысы өтті

Жер реформасы жөніндегі комиссияның І отырысы өтті

Жер реформасы жөніндегі комиссияның І отырысы өтті
ашық дереккөзі

Комиссия отырысы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өтті. Санитарлық нормаларды сақтау қажеттілігіне байланысты комиссия жұмысы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында және Facebook парақшасында онлайн көрсетілді. 

Жер реформасы жөніндегі комиссия Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Жер кодексі жобасының нормаларын талқылап, ұсыныстар әзірлеу үшін құрылды.

Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 5-отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір айдың ішінде жер реформасы жөніндегі комиссия құрып, 25 наурызда жұмысқа кірісуді, комиссияның құрамына аграрлық сектордың беделді өкілдерін және жер мәселесін жетік білетін сарапшыларды қосуды тапсырған болатын.  width= Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Үкіметке биылғы тамыз айының соңына дейін жер реформасының негізгі мәселелері бойынша ортақ мәмілме арқылы түбегейлі байлам жасауды міндеттеген еді. 23 наурызда Премьер-Министр Асқар Мамин «Жер реформасы бойынша комиссия құру туралы» 2021 жылғы «№ 62-ө» өкімге қол қойды. Оған сәйкес, комиссия төрағасы болып Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, ал оның орынбасары болып Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров бекітілді.