Елге белгілі 100 азаматқа көпшілік алдында вакцина салынады

Танымал адамдарды көпшілік алдында вакцинациялау үшін Грузия билігі екпенің жүзге жуық дозасын бөлуге ниетті. Бұл туралы елдің қоғамдық денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тамара Габунияға сілтеме жасап Грузия Online хабарлады. 

Ел билігі осылайша коронавирусқа қарсы вакцинаның танымалдығын арттырып, оны салдыруға ниеттілердің қатарын арттыруды жоспарлап отыр.

«Бүкіл әлем вакцинаға қол жеткізу үшін күресіп жатқанда біздің оны пайдаланбауға қақымыз жоқ. Грузияда вакцинация өте төменгі деңгейде, бірақ бұл істі тез игеруге әлі де мүмкіндік бар», – деді шенеунік.

Сонымен бірге, Габуния егер елде вакцинация қарқыны өспесе, билік 55 жастан асқан азаматтарды вакцинациялауға рұқсат беретінін атап өтті. Оның айтуынша, мүмкін болатын жанама әсерлердің алдын алу үшін министрлік екпеден кейін вакцинацияланғандарды 30 минут емес, 45 минут бақылау туралы шешім қабылданды.

Қазіргі уақытта Грузия тұрғындарына ағылшын-швед компаниялары өндірген AstraZeneca препараты салынуда. Сондай-ақ, бүгін елге Pfizer вакцинасының алғашқы 30 мыңға жуық дозасы келеді, деп хабарлайды басылым.

Back to top button