Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ташкентке барды

Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ташкентке барды

Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ташкентке барды
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Өзбекстан астанасына барды. Ташкентте Асқар Мамин Өзбекстан республикасының бірінші вице-премьері Рустам Азимовпен, осы елдің премьер-министрінің орынбасары Улугбек Розукуловпен кездеседі, сонымен қатар Өзбекстан республикасы президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзияевпен келіссөздер жүргізеді деп күтілуде. Тараптар мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың жай-күйін, өнеркәсіптік әріптестікті, көлік-транзиттік саладағы ынтымақтастықты талқылайтын болады. Еске салайық, 2016 жылдың қыркүйектің 9 Асқар Мамин ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын. Шавкат Мирзияев 2016 жылы 8 қыркүйекте Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы болып бекітілді, сенат төрағасы Нигматилла Юлдашев қызметінен өздігінен бас тартқанын мәлімдеген.