Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ташкентке барды
Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ташкентке барды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапарымен Өзбекстан астанасына барды.
Ташкентте Асқар Мамин Өзбекстан республикасының бірінші вице-премьері Рустам Азимовпен, осы елдің премьер-министрінің орынбасары Улугбек Розукуловпен кездеседі, сонымен қатар Өзбекстан республикасы президентінің міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзияевпен келіссөздер жүргізеді деп күтілуде.
Тараптар мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың жай-күйін, өнеркәсіптік әріптестікті, көлік-транзиттік саладағы ынтымақтастықты талқылайтын болады.
Еске салайық, 2016 жылдың қыркүйектің 9 Асқар Мамин ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған болатын.
Шавкат Мирзияев 2016 жылы 8 қыркүйекте Өзбекстан президентінің міндетін уақытша атқарушы болып бекітілді, сенат төрағасы Нигматилла Юлдашев қызметінен өздігінен бас тартқанын мәлімдеген.