Нұротандықтар науқас баланың еміне қаржы жинауға көмектесті

Нұротандықтар науқас баланың еміне қаржы жинауға көмектесті

Нұротандықтар науқас баланың еміне қаржы жинауға көмектесті
ашық дереккөзі
Жыл басында «Nur Otan» партиясына Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласының тұрғыны Сабина Давлеткалиева ұлы Шахмаров Эмирдің еміне қолдау көрсетуді сұрап жүгінген болатын.  1 жас 10 айдағы Эмир сирек ауруға шалдыққан – 2 типті жұлын бұлшықетінің атрофиясы. Бұл аурудан айығу үшін АҚШ-та өндірілетін құны 1 млрд теңге тұратын «Золгенсма» дәрісінің 1 инекциясын 2 жасқа дейін алса жеткілікті. «Nur Otan» партиясы БҚО филиалы тарапынан ҚР Денсаулық министрлігіне өтініш иесінің ұлына көмектесу бойынша хат жолданған болатын. Алайда министрлік тарапынан бұндай ауруды емдеуге Қазақстан Республикасында ресми түрде тіркелген нәтижелі көрсеткіші бар дәрі-дәрмекпен емделетіні туралы жауап келді. Облыстық филиал жанындағы «Jas Otan» ЖҚ облыстық филиалы Көрісу айт мерекесі қарсаңында ұлттық ойындардан қайырымдылық спарткиадасын ұйымдастыру туралы шешілді. 12-14 наурыз аралығында өткен бұл шараға «Nur Otan» партиясынан сайланған облыстық мәслихат депутаты Тлемисов Тұрарбек Тілемісұлы демеушілік жасады. Спартакиадаға 10 команда қатысып, шара қайырымды түрде өткеннен кейін, әр команда жарна төледі. Барлық жарна да мен жеңімпаздардың еркімен ақшалай жүлде қорлары да Эмирдың ата-анасының есеп-шотына 500 мың теңгеден аса қаражат аударылды. 14 наурызда облыстық филиалдың Партиялық бақылау комиссиясы, «Арман-Орал» қайырымдылық қоғамдық қоры, Құрманғазы атындағы музыкалық колледж, Орал қаласының еріктілері мен кәсіпкерлердің қолдауыменен «Эмир Живи» қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеден түскен барлық қаражат Эмирдың ата-анасына берілді. Сонымен қоса, жақында партия қатарына қосылып, партия төрағасының бірінші орынбасары Байбек Бауыржан Қырғалиұлының қолынан партиялық билетті алған, облыстық филиал жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі, ерікті, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсенің белесендісі Мукашев Серік Эмирдың еміне 1 миллион теңге аударды. Эмирдың ата-анасы барлығына риза. Қазақстанда және Оралда да оларды қолдап жатқанына қуанышты. Партия тарапынан қолдау білдіріп, қайырымдылық шараларды ұйымдастырғанына алғысын айтты.