Жарты миллион долларлық дәретхана тұрғындардың ашуын туғызды

Жарты миллион долларлық дәретхана тұрғындардың ашуын туғызды

Жарты миллион долларлық дәретхана тұрғындардың ашуын туғызды
ашық дереккөзі
Канаданың Ванкувер қаласындағы саябаққа қоғамдық дәретхана орнату жоспары жергілікті тұрғындарды ашуын туғызды, деп хабарлайды Fox News. Тұрғындардың наразылығына жергілікті биліктің дәретхана орнатуға 645 мың доллар бөлу туралы шешімі себеп болды. Дәретхананың өзі 150 мың доллар тұрады, ал қалған қаржы байланыс орнатуға және жақын аумақты жақсартуға жұмсалмақ. Америкалық дәретхана өндірушісі The Portland Loo компаниясы саябаққа орнатылатын дәретхана вандалдардан және граффити әуесқойларынан қорғалған болады деп уәде беріп отыр. Қала билігі сонымен қатар жаңа нысанды "дәретханалар арасындағы танк" деп сипаттады. Тұрғындар жергілікті билік жоспарларын ысырапшылдық деп атады. Олардың пікірінше, толыққанды саяжайдың өзін бұдан аз қаржыға салуға болады. Қала аталған дәретхананы 2021 жылдың күзіне қарай орнатуды жоспарлап отыр.