Арменияда әскери жағдай режимі тоқтатылды

Арменияда әскери жағдай режимі тоқтатылды

Арменияда әскери жағдай режимі тоқтатылды
ашық дереккөзі
Арменияда мерзімінен бұрын өтетін парламент сайлауы алдында елдегі әскери жағдай режимін тоқтату туралы шешім қабылданды. Бұл шешімді парламенттегі 132 депутаттың 118-і қолдады, деп хабарлайды РИА Новости. Елде әскери жағдай режимі былтыр күзде Әзірбайжанмен Таулы Қарабақ үшін соғысқа байланысты енгізілген.
1,5 айға созылған соғыс Әзірбайжан, Армения және Ресей үш тарапты келісімге келгеннен кейін ғана тоқтатылған еді. Ондағы нәтиже бойынша Таулы Қарабақтың шетіндегі үш аудан қайта Әзірбайжанға қайтарылып, ондағы бейбіт өмірді қамтамасыз ету үшін Ресейдің 2 мыңға жуық әскері кіргізілді. Таулы Қарабақ үшін соғыстағы жеңіліс үшін Армения опозициясы елдің премьер-министрі Никол Пашинянды айыптап, оның қызметінен кетуін талап етуде.  20 маусымда Арменияда мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтпек. Ел билігі бұл сайлау мемлекеттегі берекесіздікті тоқтатып, саяси дағдарыстан шығуға көмектеседі деген сенімде.