Жаңалықтар

Мамандар қатерлі ісіктің алдын алудың қарапайым үш тәсілін айтты

ашық дереккөзі

Мамандар қатерлі ісіктің алдын алудың қарапайым үш тәсілін айтты

Дәрігерлер қатерлі ісік ауруының пайда болу қаупін азайтудың үш қарапайым әдісін ашты. Бұл туралы World Cancer Research Fund мәліметтеріне сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады.  Сарапшылардың айтуынша, ең алдымен дене салмағын қалыпты деңгейде ұстауға көңіл бөлу керек. Бұл қатерлі ісіктің 12 түрінің, оның ішінде ішек, бүйрек, бауыр және асқазан ісігінің алдын алуға көмектеседі. Мамандардың пікірінше,  физикалық белсенділік те өте маңызды рөл атқарады. Аптасына кем дегенде 150 минут жаттығу жасау ұсынылады. Қатерлі аурудан аулақ болу үшін күнделікті ас мәзірін қадағалап, дұрыс тамақтанған жөн: көкөністер мен жемістерді, дәнді дақылдар мен бұршақ дақылдарын көбірек жеу, сондай-ақ қызыл ет, тәтті газдалған сусындар мен алкогольден аулақ болу керек дейді дәрігерлер. Бұған дейін ресейлік дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников онкологиялық аурулардың дамуының негізгі себептерін атады. Оның айтуынша, қатерлі ісіктің әрбір бесінші жағдайы дұрыс тамақтанбаудың салдары, ал темекі шегу аурудың барлық себептерінің 40 пайызын құрайды. 20 пайызы жұқпалы аурулар салдарынан пайда болады.